ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Түрксіб ауданындағы газ құбыры қалпына к...

Алматының Түрксіб ауданындағы газ құбыры қалпына келтірілді, полиция тергеу амалдарын бастады

Әлеумет 17.01.2025, 15:44 704
Алматының Түрксіб ауданындағы газ құбыры қалпына келтірілді, полиция тергеу амалдарын бастады
Алматы қаласы әкімдігі
Алматының Түрксіб ауданындағы кәріз құбырларын өз бетінше төсеу барысында бүлінген орташа қысымды жерасты газ құбыры коммуналдық қызметтің жедел іс-қимылының арқасында қалпына келтірілді.

Алматының Түрксіб ауданындағы кәріз құбырларын өз бетінше төсеу барысында бүлінген орташа қысымды жерасты газ құбыры коммуналдық қызметтің жедел іс-қимылының арқасында қалпына келтірілді.

Ол «У Асимы» мекемесіне кәріз құбырларын өз бетінше тарту барысында зақымданған. Жеке тұлғалар қалалық қызметтердің келісімінсіз түнде асфальтты тесіп, газ құбырын зақымдаған. Әуесқой әрі жауапсыз әрекеттердің салдарынан бірнеше қазандықтың жұмысы тоқтатылды.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның 150 жұмысшысы мен 6 техника бірлігі жұмылдырылды. Тұтынушылардың бір бөлігін үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мақсатында «АТКЭ» ЖШС-нің «Әуежай» қазандығы мәжбүрлі түрде резервтік отын – мазутқа ауыстырылды. 

Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша газ құбырындағы ақау жойылды. Мамандар жүйеге қысым сынағын жүргізеді, содан кейін тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әрбір үйге барып, газды кезең-кезеңімен қосу жұмыстарын жүргізеді. Тұрғындарды қауіпсіздік техникасын сақтауға және газды өздігінен қоспауға шақырамыз.

Алматының қала құрылысы бақылау басқармасы бұл факт бойынша жоспардан тыс тексеру жұмыстарын бастады. Соның нәтижесінде әкімшілік шаралар қабылданып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі.

Сонымен қатар, бұзушылық салдарын жоюға кеткен барлық шығын кінәлі тұлғаға жүктеледі.

Еске салайық, кез келген инженерлік желілерге қосылу үшін жеке және заңды тұлғалар желілерге қосылу бойынша техникалық шарттарды алуы, сызбаның негізінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп, оны коммуналдық кәсіпорындармен (ШЖҚ «Алматы Су» МКК, «Алматы жылу желілері» ЖШС, «QazaqGaz Aimaq» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ) келісуі қажет. Сондай-ақ құрылыс басталғаны туралы қала құрылысы бақылау басқармасынан талон алып, аудандық әкімдікті хабардар етуі керек. Құрылыс-монтаж жұмыстары коммуналдық кәсіпорындардың бақылауымен жүргізілуге тиіс. Жұмыс аяқталған соң фото/бейне есепті Қала құрылысы бақылау басқармасында тіркеу қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,446 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,257 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,338 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.