Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Түрксіб ауданындағы бос жердің орнына жа...

Алматының Түрксіб ауданындағы бос жердің орнына жаңа заманауи жаяу жүргіншілер аймағы ашылды

Әлеумет 28.11.2024, 18:27 731
Алматының Түрксіб ауданындағы бос жердің орнына жаңа заманауи жаяу жүргіншілер аймағы ашылды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Заманауи қалалық жоба: Алматыда қараусыз қалған бос жер абаттандырылды

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша қараусыз қалған бос жер заманауи жаяу жүргіншілер аймағына айналды


 
Алматыда Түрксіб ауданындағы Байрон көшесі, 134б мекенжайдағы жаңа қоғамдық кеңістікті абаттандыру аяқталды. Қараусыз қалған бос жерді заманауи жаяу жүргіншілер аймағына айналдыру жөніндегі жұмыстар «Халық қатысатын Бюджет» бағдарламасы аясында орындалды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Аумағы 0,3 га болатын жаңа қоғамдық аймақ 2024 жылдың 25 қарашасында төрт айлық құрылыс жұмыстарынан кейін ашылды.

Жобаға 80 метр тротуар салу, 500 шаршы метр төсеніш төсеу, 155 метр қоршау орнату, 450 шаршы метр футбол алаңын жайластыру, балалар мен спорт кешендерін құру, сондай-ақ иттерді серуендетуге арналған алаң кірді.

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары және аудан тұрғындарымен кездесу барысында дайын нысанды аралады.

«Бұл жоба біз үшін нағыз сыйлық болды. Мұнда біз демаламыз, спортпен шұғылданамыз және балалармен уақыт өткіземіз. Біз аумағымызды абаттандыруды өтінген едік, сөзіміз естілді. Біз өз ауданымызды дамытуға және жайлы өмір сүру жағдайларын жасауға қатыса алғанымызға қуаныштымыз», - деді жергілікті тұрғын.

Қала басшысы қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін осындай жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

«Біз кез-келген бос кеңістікті өзгертуге тырысамыз, тіпті  тұрғындарға  үйлерінің жанында демалуға мүмкіндік беретін шағын аумақтарды да пайдаланамыз. Бұл алаң аудан тұрғындары үшін тартымды орынға айналады деп сенемін», - деді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ, тұрғындардың өтініші бойынша қала басшысы аудан әкіміне жаңа алаңның периметрі бойынша бейнебақылау камерасын орнатуды тапсырды.

Айта кетейік, мегаполисте «Халық қатысан бюджет» бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы жобаға 18,8 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,8 млрд теңгеге артық. Алматылықтар аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, спорт және ойын алаңдарын құру бойынша 364 жобаны ұсынуға және іске асыруға мүмкіндік алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,463 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,354 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,994 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,191 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.