конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Түрксіб ауданында жерүсті өткелі салынад...

Алматының Түрксіб ауданында жерүсті өткелі салынады

Әлеумет 27.07.2022, 17:00 1,323
Алматының Түрксіб ауданында жерүсті өткелі салынады
Сурет: Almaty.tv

Халық мәселені қала әкімімен кездесу кезінде көтерген


Алматының Түрксіб ауданында темір жол бойынан жаңа жерүсті өткелі салынбақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Шацкий және Ержанов көшелері маңынан жасалатын көпірдің құрылысы келесі жылы аяқталмақ. Қаладағы шойын жолдың басым бөлігі Түрксіб ауданында орналасқандықтан тұрғындар темір жолды кесіп өтуге мәжбүр. Жергілікті халық бұл мәселені қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесу кезінде де көтерген. Енді жұртшылықтың талап-тілегі орындалмақ.


Бұл – Үлкен Алматы каналы жанындағы шойын жол. Сүйінбай көшесі бойында орналасқан темір жолдың ұзындығы – 5 шақырым. Мұнда тұрғындар үшін арнайы өткел жасалмаған. Салдарынан жыл басынан бері шойын жолды заңсыз кесіп өтудің 50-ге жуық дерегі тіркеліпті. Көліктегі полиция департаменті мамандары тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізсе де, оны ескеретіндер аз дейді.



«Алматы-1 желілік басқармасының желілік полициясының қызмет көрсету аймағында 9 жазатайым оқиға орын алды. Оның ішінде Алматы-1, Алматы-2 стансасында 6 жазатайым оқиғаның бесеуі қайғылы жағдаймен аяқталдын», – деді Алматы-1 стансасындағы желілік полиция басқармасының аға инспекторы Ақмарал Ақмолдаева.



Аудан тұрғындары балаларының өмірі үшін алаңдайды. Себебі оқушылар мектепке бару үшін темір жолдың арғы бетіне өтеді. Енді жаңа жерүсті өткелінің салынатынын естіген көпшілік ризашылығын білдіріп жатыр.



«Шағын ауданда 2 мектеп бар. Оқу жылы басталғанда таңертең баласын ертіп алған ата-ана мен оқушылар осы жолмен өтеді. Басқа айналып өтер жол жоқ. Көпір салынса, тұрғындар игілігін көрер еді», – деді қала тұрғыны Виктория Шульгина.



Жол бойында пойыз тұрып қалғанда тұрғындар вагонның астымен өтуге де мәжүр болады екен. Бұл әсіресе балалар мен егде жастағы тұрғындар үшін аса қауіпті.


Аудан әкімдігі мәселеден хабардар. Тұрғындар бұл сұрақты қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесу кезінде де көтерген. Түйткілді қала басшылығы көп ұзамай шешіп беретінін айтты. Жауапты сала мамандарына бірден тапсырма жүктелді. Келер жылы жерүсті өткелінің құрылысы басталады.



«Жобалық-сметалық құжаттары қазір мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. сараптамадан өткен соң, құрылыс жұмыстары мемлекеттік бюджеттен ақша бөлінгеннен кейін 2023 жылы басталады. Құрылыс жұмысы қалалық мобилділік басқармасының келісімшарты бойынша 1 жыл уақыт жүргізіледі», – деді Түрксіб аудандық көріктендіру бөлімінің бас маманы Сәкен Баясыл.



Қазақстан темір жолы» ҰК» мәліметінше, Алматыда биыл жыл басынан бері шойын жолды дұрыс өтпегені үшін 7 адамды пойыз қаққан. Оның бесеуі қайғылы жағдаймен аяқталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жерүсті өткелі #жол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Канье Уэсттің концерті кезінде Алматының Орталық стадион аумағында Tele2/Altel уақытша шектеледі

Бүгін 19:39

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);