AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының Түрксіб ауданында инфрақұрылымдық және ә...

Алматының Түрксіб ауданында инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар іске асырылып жатыр

Барлығы 03.02.2026, 10:47 386 dulatbekova
Алматының Түрксіб ауданында инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар іске асырылып жатыр
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жұмыс сапары аясында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданындағы бірқатар нысанды аралап, инженерлік желілер құрылысының барысымен, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы және аумақты кешенді көріктендіру жобасының жүзеге асуымен танысты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Қала әкімі Ақан Сері — Шолохов — Сейфуллин көшелері аумағындағы су құбыры мен кәріз желілерінің құрылыс қарқынын тексерді. Жоба аясында 18,8 шақырым су құбыры және 27,9 шақырым кәріз желісі тартылып, 4 мыңнан астам тұрғын қамтылады. Қазіргі таңда нысан 60% дайын. Жұмыс биыл қыркүйекте толық аяқталмақ.

Дархан Сатыбалды аудан әкімі мен мердігер ұйымға орындалып жатқан жұмыстардың сапасын қатаң бақылауда ұстауды, құрылыс кезеңінде тұрғындарға қолайлы жағдай жасауды, сондай-ақ жоба мерзімінде аяқталып, асфальт жабынын қалпына келтіру жұмыстарын дер кезінде жүргізуді тапсырды.

Одан кейін қала басшысы Жас Қанат шағынауданындағы Даму және шығармашылық орталығының құрылыс алаңына барды. Аумағы 14 мың шаршы метрлік 1 350 балаға арналған ғимаратта бассейн, зертханалық бөлмелер, планетарий және робототехникадан бейнелеу өнеріне дейінгі бағыттар бойынша 42 оқу кабинеті болады. Нысан білім алуға, шығармашылыққа және бос уақытты тиімді өткізуге арналған ашық әрі көпфункционалды кеңістік құруға бағытталған. Құрылыс жұмыстарын 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Алматы әкімі шағынауданды көріктендіру жайына да ерекше назар аударды. Ол қоғамдық кеңістіктерді реттеумен қатар магистральдық көшелер бойындағы ғимараттардың қасбетін жаңарту, жарық бағаналарын ретке келтіру және көгалдандыру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Түрксіб ауданы #инфрақұрылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);