Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Түрксіб ауданында 13 км жаңа жол салынып...

Алматының Түрксіб ауданында 13 км жаңа жол салынып жатыр

Әлеумет 18.10.2024, 10:28 1,078
Алматының Түрксіб ауданында 13 км жаңа жол салынып жатыр
Алматы қаласы әкімдігі

Алматының Түрксіб ауданының жолдарында биыл 160 «Сергек» камерасы орнатылды.

Түрксіб ауданының жол инфрақұрылымын дамыту, жолаушылар тасымалының сапасын арттыру және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

Қала басшысының айтуынша, биыл қазан айының соңына дейін 39 көшеде 41,7 км жолдың орташа жөндеу жұмыстары аяқталады. Қазіргі уақытта 18 көшеде 30 км жол жөнделді.

«Ауданға қосылған шағын аудандардың жол инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылуда. Мәселен, «Әлмерек» және «Қайрат» шағын аудандарында 13 көшеде 13 км жаңа жол салынып жатыр. Бүгінгі күнге дейін 5 көшеде 5,3 км жол салу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, қазан айының соңына дейін «Жас Қанат» шағын ауданында 19 көшеде 2,5 км жол салу жұмыстарын бастау жоспарлануда. Жұмыстарды 2025 жылдың 2-тоқсанында аяқтау жоспарланған», – деді Ерболат Досаев.

Кездесу барысында қала әкімі ауданның жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға да назар аударды.

Мысалы, биыл қосымша 160 «Сергек» камерасы орнатылды. Соның нәтижесінде аудандағы камералардың жалпы саны 816-ға жетіп, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мен бақылауды күшейтті.

Ерболат Досаев сондай-ақ, биыл Түрксіб ауданы арқылы өтетін 10 маршрутта 195 автобустың жаңартылғанын атап өтті. Бұл күту уақытын орта есеппен 15 минуттан 7 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Жыл соңына дейін аудан аумағында 5 жаңа қала маңы маршрутын іске қосу жоспарланған.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылы басталғалы бері «Мектеп автобусы» жобасы аясында ауданға қосылған автобустар саны 8-ден 25-ке дейін ұлғайтылды, бұл 8 мектептен 2 мыңнан астам оқушыны тасымалдауға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, мектеп автобустары Алматыда 2023 жылы әкімдік жобалық кеңсесінің аясында, алыс орналасқан мектептерде оқитын кіші жастағы оқушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іске қосылған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Түркісіб #автобустар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.