AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының төрт ауданында қураған шөп өртенді

Алматының төрт ауданында қураған шөп өртенді

Әлеумет 24.03.2023, 12:54 1,642
Алматының төрт  ауданында қураған шөп өртенді
Сурет: Inform.kz

 Алматының Алатау, Бостандық, Наурызбай, Түрксіб аудандарында қураған шөп өртенді.


Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 наурызда өрт сөндірушілер 8 өрт ошағына шықты. 


23 наурыз сағат 16:20-дан бастап ТЖД күштері мен құралдары Бостандық ауданындағы «Ерменсай» ықшам ауданының Бақтыгереев көшесінде өртті сөндірудің жоғары дәрежесі бойынша жұмыс істеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Өрт сөндіру бригадасы барған кезде тау бөктерінде жалпы аумағы 2 га жерді қамтыған құрғақ шөптің жануын анықтады. Жел тұрғандықтан, өрттің беткейлердегі тұрғын үйлерге қарай таралу қаупі туындады. Өрт автотехникасы тауға шыға алмағандықтан, қызыл жалынды қарапайым құралмен және аспалы өрт сөндіргішпен ауыздықтауға тура келді. Өрт 18:31-де толық жойылды. Қабылданған шаралардың арқасында өрттен үйлер мен алма бағын қорғауға қол жеткізілді», - деп деп мәлім етті департаменттен.



Өртті сөндіруге жеке құрамнан 24 маман және 5 техника жұмылдырылды.



«Өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын ашық отты пайдаланудан, от жағудан, темекі шегуден және құрғақ шөп пен орылған шөпті өртеуден бас тартуды сұраймыз. Кінәлі адамдар әкімшілік, ал ауыр зардаптар туындаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады», - деп еске салды ведомство өкілдері.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қураған шөп #ошақтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);