AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының тау шаңғысы инфрақұрылымы бес есе кеңейе...

Алматының тау шаңғысы инфрақұрылымы бес есе кеңейеді

Алматы 21.07.2026, 09:51 365
Алматының тау шаңғысы инфрақұрылымы бес есе кеңейеді
Алматы әкімдігі

Алматыда тау шаңғысы инфрақұрылымын ауқымды кеңейту жоспарланған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі қалалық Туризм басқармасына сілтеме жасап.

Жоба аясында «Медеу» базалық станциясы арқылы «Шымбұлақ» пен Oi-Qaragai курорттарын біріктіретін бірыңғай тау курорттары жүйесі құрылмақ.

Жоба шеңберінде 30 жаңа аспалы жол салу, жалпы ұзындығы 151 шақырым болатын тау шаңғысы трассаларын жасау және қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту көзделген.

Жоба толық іске асқаннан кейін тау шаңғысы жүйесінің тәуліктік қабылдау мүмкіндігі бес есеге артып, 6 мыңнан 30 мың келушіге дейін жетеді.

Сонымен қатар, Туризм басқармасы 2029 жылға дейінгі Алматы тау кластерін дамытудың кешенді жоспары әзірленіп жатқанын хабарлады. Құжат жеті бағыт бойынша 73 іс-шараны қамтиды. Онда тау инфрақұрылымын дамыту, тау шаңғысы курорттарының бірыңғай жүйесін қалыптастыру, жаңа аспалы жолдар салу және туристік маршруттарды дамыту қарастырылған.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде шетелдік туристер саны екі есеге жуық өсіп, 986 мыңнан 1,7 миллион адамға жетеді деп күтілуде. Сондай-ақ. туризм саласында жұмыспен қамтылғандар саны 101,8 мың адамға дейін артады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #шымбұлақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);