конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының шұғыл қызмет өкілдері мен альпинистер "Ш...

Алматының шұғыл қызмет өкілдері мен альпинистер "Шымбұлақта" дайындықтан өтті

Барлығы 28.01.2026, 17:18 474
Алматының шұғыл қызмет өкілдері мен альпинистер "Шымбұлақта" дайындықтан өтті
Алматы әкімдігі

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты аумағында шұғыл қызмет өкілдері мен альпинистік қауымдастық мүшелеріне арналған базалық жүрек-өкпе реанимациясы (BLS) бойынша оқу-тренинг, шебердің дәрісі өтті. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты. 

Іс-шара қатысушылардың медицина қызметкерлері келгенге дейін төтенше әрі шұғыл жағдайда алғашқы көмек көрсетуге дайындығын арттыруға бағытталған. 

Оқу бағдарламасын Жедел медициналық жәрдем қызметінің BLS нұсқаушылары Перизат Алдабергенова мен Аслан Шеринов жүргізді. Сабақ барысында олар жоғары кәсіби біліктілікті, оқу үдерісінің нақты ұйымдастырылуын және теориялық әрі тәжірибелік материалды сауатты жеткізе білуді айқын көрсетті.

Аяқ-қол сынуы, бас жарақаттары, оларды дер кезінде анықтау жолдары, алғашқы көмек көрсету алгоритмдері мен зардап шеккендерді дұрыс бекіту тәсілдері қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар құрысу ұстамалары мен өзге де шұғыл жағдайда атқарылатын іс-қимылдар жан-жақты талқыланды.

"Мұндай оқу-жаттығу шаралары таулы аймақтағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға және шұғыл қызметтер мен белсенді спорт түрлерімен айналысатын қауым арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді", – деді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #шымбұлақ #Альпинистер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);