Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматының сауда орындарында тұтынушы құқығы түсінд...

Алматының сауда орындарында тұтынушы құқығы түсіндірілуде

Әлеумет 26.06.2024, 09:56 797
Алматының сауда орындарында тұтынушы құқығы түсіндірілуде
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласының сауда орындарында «Сапалы өнім» туралы және жаңа заң жобаларының нормаларын түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша жылжымалы мобилді заң қызметі жұмысын жалғастыруда. Мақсаты – тұрғындарға тұтынушылық құқықтарын қорғай білуі үшін ақпараттық кеңестер беру.

Жылжымалы мобилді заң қызметінің мүшелері түсіндірме барысында «Сапалы өнім» жобасының басты міндеті – ішкі нарықта азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын және жаңа заң жобасы қоғамның өмір сүру сапасын арттыруға, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерінде үкіметтік емес институттардың рөлін күшейтуге бағытталғанын халыққа жеткізу. Сала мамандары ашық алаңда, еркін форматта өткізіп жүрген жүздесулерде осы мәселелерді түсіндіруде. Ал өз кезегінде қала тұрғындары да толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөліседі. 

Бұл жобаны Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде және Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің бағыт беруімен халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры жүзеге асыруда. Мобилді заң қызметі қаланың барлық ауданындағы базарлар мен сауда орталықтарында болып, халыққа тұтынушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңгерлік кеңестер беруде.

Қазіргі күні Әуезов, Алмалы, Алатау аудандарындағы сауда орталықтарында тұтынушыларға кеңестер берді. Іс-шара барысында тұтынушылармен сауалнамалар жүргізіліп, ақпараттық парақшалар таратылуда.

Осы жылдың соңына дейін жалғасатын жоба барысында қаладағы сауда орындары, мекемелер, жоғары оқу орындары студенттері арасында оқыту-үйрету жұмыстарын жүргізбек. Сонымен қатар, Instagram, Facebook, Telegram  әлеуметтік желілерінде «Тұтынушы- Потребитель» атты ақпараттық аккаунттар ашылып, WhatsApp желісінде 8 700 862 84 54 нөміріне азаматтардың сұрақтары мен шағымдары қабылдануда.

Бұл бастама Алматы қаласының тұрғындарына тұтынушы ретіндегі өз құқықтары туралы көбірек хабардар болуға және қажет болған жағдайда оларды тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Мейрамкүл ЖҰБАНОВА, Алмалы ауданының тұрғыны:
– Биыл мамырдың басында дезинфекция жасайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен үйіме дезинфекция жасатуға келісімшартқа отырып, қолма-қол 60 мың теңге төлеген болатынмын. Бірақ олар әлі күнге дейін дезинфекция жасамады. Хабарлассам, телефонын көтермейді. Қайда жүгінерімді білмей отыр едім. Адам көп жүретін орындарға арнайы келіп отырған жылжымалы мобилді заң қызметінің кеңестері жақсы болды, енді тиісті орындарға жазып, өзімнің тұтынушы ретіндегі құқымды қорғайтын боламын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жанашыр #Мобилді заң қызметі #Тұтынушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.