AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматының Қуыршақ театры ересек көрермендеріне жаң...

Алматының Қуыршақ театры ересек көрермендеріне жаңа спектакль ұсынды

Мәдениет 05.12.2025, 12:01 638
Алматының Қуыршақ театры ересек көрермендеріне жаңа спектакль ұсынды
Сурет: Самат Құсайынов

Мемлекеттік қуыршақ театры ересек көрермендеріне арнап «Мен кіммін?» спектаклінің премьерасын ұсынды. Айтар ойы терең ерекше қойылым адам жанының құпия әлемінен сыр шертеді.

Қоғамдағы рухани жалғыздық, адамдық келбетті жоғалту, өз-өзімен арпалысу секілді ішкі қайшылықтарды, адам жанының күйзеліске ұшырауын қаузайтын спектакль мазмұны қуыршақ өнерінің мүмкіндіктері арқылы сәтті баяндалды деуге болады. Басты кейіпкердің ішкі жан айқайы, қоғаммен үйлесім таба алмауы және өзін-өзі тануға ұмтылысы көрерменін терең ойға жетелейді.

Иә, адамның рухани дағдарысқа ұшырауын, оның өзін көптің ішінен таба алмай аласұрған ахуалын көркем түрде жеткізе білген «Мен кіммін?» спектаклінің режиссері – әлемдік қуыршақ театры өнерінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан, Гүржістан елінен арнайы шақыртылған суреткер Николоз Сабашвили. 

"Мен кіммін?» – қазіргі қоғамдағы өзекті тақырыптарды көтеретін, көрермен сұранысына сай спектакль деп ойлаймын. Біз бұл туынды арқылы адамдық болмыстың мәніне қайта үңілуді үндейміз. Қуыршақ театры – тек балаларға арналған өнер емес, ол кез келген күрделі идеяны нәзік әрі терең жеткізе алатын сахналық тіл. Премьера көрерменге ерекше әсер, терең ой және рухани толғаныс сыйлады деп сенеміз", – дейді Мемлекеттік қуыршақ театрының директоры Алмат Амангелді.

Спектакль соңында қуыршақ-кейіпкерлерді шебер ойната білген артистерге Алматы қаласының әкімдігі атынан ықылас гүлі табысталды. Ал Николоз Сабашвилидің иығына театр ұжымы қазақы жолмен шапан жапты.

"Біріншіден, 90 жылдық белестен өткен Қуыршақ театрының күні кеше ғана «академиялық» мәртебесін иеленген қуанышымен құттықтаймын. Жалпы, бүгінгідей терең ойлы, жоғары деңгейдегі жұмыстар осылай академиялық жұдырық болып жұмылған сәтте, яғни біріңіз қуыршақтың аяқ-қолын, екіншіңіз басын, көзін, үшіншіңіз ойын «сөйлетіп» жатқан кезде шығады ғой. Бір спектакльдің өне бойында қаншама әріптесімнің кәсіби шеберлігі, жанкешті еңбегі, маңдай тері жатыр десеңізші! Премьера құтты болсын!" – деді М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры Еркін Жуасбек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қуыршақ театр #спектакль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);