Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының құтқару қызметі қалай жаңарып жатыр?

Алматының құтқару қызметі қалай жаңарып жатыр?

Әлеумет Бүгін 14:22 30
Алматының құтқару қызметі қалай жаңарып жатыр?
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметі Алматының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, баспасөз турын өткізді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара барысында журналистерге соңғы екі жылда құтқару бөлімшелерінің жұмысында жүзеге асқан өзгерістерді таныстырды. Негізгі назар өрт сөндіру бөлімдерін жаңғыртуға, техниканы жаңартуға, цифрлық шешімдерді енгізу мен төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету деңгейін арттыруға аударылды.

№15 жаңа өрт сөндіру бөлімінің аумағында Алматы қаласы ТЖД бастығы Дамир Ермағамбетов қалада өрт деполары желісі дамып жатқанын айтты.

«Қаңтар айында мұнда жаңа модульдік өрт сөндіру бөлімі ашылды, ол бөлімшелер қазірдің өзінде кезекшілікке кірісіп кетті. Алдағы уақытта тағы осындай екі депоны ашуды жоспарлап отырмыз. Қазір онда жеке құрамды оқытып, техниканы сынақтан өткізіп жатыр. Алматыға жалпы 35 өрт депосы керек екен, қазір осы бағытта көп жұмыс қолға алынды», – дейді ол.

Дамир Ермағамбетовтің айтуынша, олардың жұмысы өрт сөндірумен ғана шектелмейді екен.

«Біздің бөлімшелер жыл бойы қызмет істейді: көктемде – су тасқынына қарсы іс-шараға қатысып, қыста қар құрсауынан құтқарады адамдарды, жазда өрт сөндіреді, күзде – жолдардың лайсаң кезеңі мен жылыту маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысады», – деді департамент басшысы.

Материалдық-техникалық базаны жаңартуға ерекше назар аударылған. 2025 жылдың соңында ТЖД қарауына жаңа негізгі және қосымша техника, оның ішінде жол талғамайтын әрі мобильді автокөлік берілді.

«Бұл техниканың барлығы жылдамдықты қамтамасыз етеді. Біздің міндетіміз – төтенше жағдай аймағына мүмкіндігінше тез жетіп, адамдарға дер кезінде көмек көрсету», – деп атап өтті Дамир Ермағамбетов.

Ол табиғи қауіп-қатерлерді азайту бағытындағы жұмыстарға да тоқталды.

«Қала бойынша 211 көшкін қаупі бар учаске анықталған, қазір Геодезия институтымен бірлесіп, оларды құжаттап жатырмыз. Былтырдың соңынан бері ең қауіпті тоғыз учаскені нығайтуды қолға алдық. Су тасқынына келсек, айтарлықтай қауіп жоқ, дегенмен біздің бөлімшелер үнемі инженерлік жұмыстар жүргізіп, өзеннің бойына мобильді бекеттер қояды», – деді спикер.

Дамир Ермағамбетов журналистерге теңіз деңгейінен 2500 метрден астам биіктікте орналасқан бірегей өрт сөндіру бөлімі туралы да айтып берді.

«Бұл ТМД елдеріндегі таудағы ең биік құтқару бөлімшесінің бірі. Ол әмбебап бөлімше: мұнда өрт сөндірушілер мен құтқарушылар ғана емес, дәрігерлер де кезекшілік атқарады. Соларға арнап зардап шеккен екі адамды бірге тасымалдап, медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін замандық реанимобиль сатып алынды», – деп хабарлады Ермағамбетов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#төтенше жағдайлар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда халық композиторы Манарбек Ержановтың таңдаулы туындылары шырқалды

Бүгін 15:40

Алматының имамы колония жастарын теріс діни ағымдардың жетегінде кетпеуге шақырды

Бүгін 15:38

Балалар арасында қызылша өршіп тұр

Бүгін 15:32

Алматының Медеу ауданында 49 тұрғын үй мен жолайрықтың сәулеттік жарықтандыруы жаңартылды

Бүгін 14:49

Цирк әлемінің назары Алматыға ауды: Қазмемцирк шетелден алтын мен күміс жүлдені қатар алып қайтты

Бүгін 14:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі