Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматының қай тұрғын үй кешенінен пәтер алуға болм...

Алматының қай тұрғын үй кешенінен пәтер алуға болмайды

Әлеумет 27.03.2023, 16:39 1,084
Алматының қай тұрғын үй кешенінен пәтер алуға болмайды
Сурет: Novostroyki-almaty.kz

Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын құжаттарының бар-жоғын тексеру қажет.


Алматы әкімдігі пәтер сатып алуға ұсынылмайтын тағы екі тұрғын үй кешенін атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау департаменті интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу барысында құрылысқа қажетті рұқсаты жоқ тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлердің сатылатыны туралы хабарландыруларды анықтаған.


"Auezov Apartaments" ТК - Алмалы ауданы, Қарасай батыр көшесі, 183/19. Тапсырыс беруші Garant LTD Service ЖШС.



"2021 жылғы 30 сәуірде тапсырыс беруші тарапынан Garant LTD Service ЖШС жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қолданыстағы ғимараттарды қайта жаңартуға және қолданыстағы құрылыстарды бұза отырып, қызмет көрсету объектілері бар әкімшілік ғимараттың қосымша құрылысын салуға хабарлама берді. Алайда, жылжымайтын мүлікті сату сайттарында көрсетілген мекенжай бойынша пәтерлердің жарнамасы орналастырылған, бұл қолда бар құжаттарға сәйкес келмейді", - делінген хабарламада.



Tole bi Residence ТК - Алмалы ауданы, Аносов көшесі, 103 "Б". Тапсырыс беруші Adal Сity Stroy ЖШС.


Хабарламадағы ақпаратқа сәйкес, 1-блок құрылысының 1-кезегі 2023 жылдың 4-тоқсанында пайдалануға беріледі.


Алайда, бүгінгі күні жоғарыда аталған объект бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама түскен жоқ және құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілмеген.



"Алматылықтарға жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын салынып жатқан тұрғын үй кешені құжаттарының бар-жоғын тексеру қажет екенін еске саламыз, мұны Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 жедел желісінің нөмірі бойынша жасауға болады",- делінген әкімдік таратқан ақпаратта.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мониторинг #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.