ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматының қай жерлерінде коронавирус жұқтыру қаупі...

Алматының қай жерлерінде коронавирус жұқтыру қаупі жоғары?

Медицина 25.08.2021, 15:56 864
Алматының қай жерлерінде коронавирус жұқтыру қаупі жоғары?
Сурет: Ria.ru
COVID-19 вирусының «дельта» нұсқасы тез жұғады.

COVID-19 вирусының «дельта» нұсқасы тез жұғады.  


Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында қалалықтардың коронавирусты жиі жұқтыратын жерлерін, сонымен қатар қатерлі топтағыларды атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Бүгінде жұқтырудың негізгі бес орны бар, олар: сауда объектілері - 32%, отбасылық байланыс - 16%, қоғамдық көліктер - 17,1%, базарлар - 13%. Жұртшылық азық-түлік базарларында жиі  жұқтырады - 9%. Сонымен қатар, қазіргі шектеулі шаралар мен ұжымдық иммунитетінің артуына орай дерттің 2-3%-ға  төмендегені байқалады.  



«Тұрғындар арасында инфекцияның көбею себептері – бұл әлі де көрінбейтін биологиялық қауіпке байланысты халықтың қырағылығының төмендеуінен, COVID-19 вирусының «дельта» нұсқасының тез жұғатынынан», - деді мегаполистің бас дәрігері. 



Сондай-ақ, Жандарбек Бекшин бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, заң бұзушылықтардың азаймағанын айтты. Алматының кейбір тұрғындары бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын елемей, той, құдалық, мерейтойлық мерекелер ұйымдастыруды тоқтататар емес. Жандарбек  Бекшин мұндай шаралардың салдарынан қала тұрғындарының өз денсаулықтарына ғана емес, жақындарының өміріне де қауіп төндіретінін тағы да еске салды. 


СЭБД басшысы қала тұрғындары вирустың таралу тізбегін құруды жалғастыра отырып, қала маңындағы аудандарда және жалға алынған коттедждерде отбасылық мерекелер өткізетінін айтты. 


Жалпы, жұқтыру 20 жастан 39 жасқа дейінгі жастар арасында жоғары - 34%. Бұл олардың үлкен мобильділігіне және иммундау белсенділігінің төмендігіне  әрі тығыз байланыста болуына байланысты.


Сөзін қорытындылаған Жандарбек Бекшин эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылын қалыпты режимде ұйымдастыру үшін Алматыда қолданыстағы шектеу шаралары 31 тамызды қоса алғанға дейін ұзартылғанын атап өтті. Ол алматылықтарды вакцина салдыруға, өздігінен емделмеуге және Ashyq қосымшасын күнделікті өмірде қолдануға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.