AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Орталық стадионы 32 мыңға дейін ұлғайтыл...

Алматының Орталық стадионы 32 мыңға дейін ұлғайтылады

Әлеумет 18.12.2024, 13:09 1,804
Алматының Орталық стадионы 32 мыңға дейін ұлғайтылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
 

Алматының Орталық стадионына реконструкция жасалады – қала әкімі

 

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев «Челси» футбол клубымен өткен матчтан кейін мегаполистің халықаралық беделіне қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

Әкімнің айтуынша, УЕФА конференциялар лигасы аясында 12 желтоқсанда «Астана» мен «Челси» арасында өткен матчқа шамамен 21 мың адам қатысқан.

«Естеріңізде болса, біз кешірім сұрадық. Матч басталғанға дейін стадионның шығыс секторындағы алты қатардың аралығы дер кезінде тазаланбаған. Бұл Орталық стадион менеджментінің жұмысты толық атқармағанын көрсетеді, сондықтан тиісті шаралар қабылданды», – деді Ерболат Досаев.

Ол бұл жағдайдан тиісті қорытынды жасалғанын, бірақ бұл оқиға ойын сапасына әсер етпегенін, әрі ағылшын командасы немесе УЕФА тарапынан шағым түспегенін атап өтті.

«Келесі жылы біз Орталық стадионды қайта жаңғыртуды бастаймыз. Орын саны 32 мыңға дейін ұлғайтылады. Жаңа стадион барлық стандарттарға сай болады және жабық форматта салынады. Бүгінде жаңа жүйе бойынша ЕРС-келісімшарты («толық аяқтау») аясындағы даму тұжырымдамасы бекітілді. Бұл алаңда еуропалық және әлемдік деңгейдегі жоғары дәрежелі кубоктық жарыстарды өткізуге мүмкіндік болады. Сонымен қатар, мен стадион басшылығына сапалы жұмыс жүргізу үшін қосымша компанияларды тарту қажеттігін тапсырдым», – деді әкім

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Стадион #Ерболат Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);