AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының орталығында заңсыз сауда нысандары сүріл...

Алматының орталығында заңсыз сауда нысандары сүрілді

Алматы 24.06.2026, 18:27 414
Алматының орталығында заңсыз сауда нысандары сүрілді
Алматы әкімдігі

Алматының орталығында заңсыз сауда нысандары сүрілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының Достық даңғылы, 170/1 мекенжайында орналасқан заңсыз сауда нысандары сүрілді. Бұл туралы Қала құрылысы бақылау басқармасының өкілдері хабарлады.

Жоспардан тыс тексеру барысында аталған аумақта қажетті рұқсатсыз бір қабатты үш нысанның құрылысы жүргізілгені анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша меншік иесіне құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтату, анықталған заңбұзушылықтарды жою және жер телімін бастапқы қалпына келтіру жөнінде нұсқама берілді.

Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, материалдар Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды. Сот шешімімен меншік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта өз бетінше салынған нысандар меншік иесінің күшімен толықтай сүрілді.

Қала құрылысы бақылау басқармасы құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сауда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);