AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының орталығында тұрғын үй маңындағы екі қоса...

Алматының орталығында тұрғын үй маңындағы екі қосалқы нысан сүріліп жатыр

Барлығы 12.06.2025, 19:18 890
Алматының орталығында тұрғын үй маңындағы екі қосалқы нысан сүріліп жатыр
Алматы әкімдігі

Наурызбай батыр көшесі, 41 мекенжайда орналасқан тұрғын үйдің  жанына заңсыз салынған екі қосымша нысан сот шешімімен сүрілетін болады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz. 

Бұған дейін тұрғынның өтініші бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде тұрғын үйдің екі жағынан да қосымша құрылыстардың заңсыз салынғаны әрі жалпы пайдаланылатын аумақта рұқсат құжаттарының болмағаны анықталған. 

Меншік иесіне (жеке тұлғаға) қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Кейін Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен меншік иесі кінәлі деп танылып, оған әкімшілік айыппұл салынды және заңсыз салынған қосалқы нысандар мәжбүрлі түрде бұзылатын болды.

Алматы қалалық сотының 2024 жылғы 16 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды.

Меншік иесі қосалқы нысанның біреуін өз еркімен бұзды, ал екінші қосымша құрылысты  мәжбүрлі түрде сүру бүгін, сот шешіміне сәйкес, сот орындаушыларының қатысуымен жүріп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #нысан #сүрілу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);