AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының Наурызбай ауданында буферлік аймақтарды...

Алматының Наурызбай ауданында буферлік аймақтарды кешенді көркейту жобасы жүзеге асырылып жатыр

Барлығы 29.10.2025, 17:58 606 Дина
Алматының Наурызбай ауданында буферлік аймақтарды кешенді көркейту жобасы жүзеге асырылып жатыр
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Наурызбай ауданында буферлік аумақтарды кешенді көркейту бойынша ауқымды жоба басталды. Жұмыс 2025 жылы қыркүйекте қолға алынды. Жобаның мақсаты – тұрғындар үшін қолайлы, қауіпсіз және экологиялық жайлы қала ортасын қалыптастыру. Бұл туралы Наурызбай ауданының әкімдігі хабарлады.

Биыл негізгі жұмыс Шаляпин көшесі мен Абай даңғылынан төмен орналасқан бульвар аумағында басталған. Мұнда көгалдандыру, көркейту элементтерін орнатылып жатыр. Сондай-ақ, жоспарға Қонаев көшесі енгізілген. Онда көгалдандыру, техникалық жүргінші жолын жасау және автоматты суару жүйесін орнату көзделіп отыр.

Жоба аясында дренаж және арық жүйелерін жетілдіруге ерекше көңіл бөлінген. Бұл шаралар тұрғын үйлер аумағын су басудан қорғап, жаяу жүргінші аймақтарының ұзақ мерзімді сақталуын қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, көгалды тас төсеу, сәндік жарық шамдарын орнату, ағаштар мен бұталар отырғызу жұмыстары да жүргізіліп жатыр.

Абаттандыру жобасы ауданның көркін арттырып қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға да сеп болады. Тұрғын алаптар арасындағы жасыл дәліздер мен абаттандырылған өтпелі аймақтардың құрылуы шаң-тозаңды азайтып, ауаның тазалығын жақсартады және қала ортасын серуен мен демалысқа барынша қолайлы етеді. 

Наурызбай ауданы әкімдігінің мәліметінше, буферлік аймақтарды абаттандыру — қалалық инфрақұрылымды мен экологиялық тепе-теңдікті дамытуда маңызды қадам. Жобаның басты мақсаты — тұрғын үйлер, саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерді біріктіретін үздіксіз жасыл желек белдеуін қалыптастыру.

2026 жылы абаттандыру жұмыстары жалғасады. Келесі кезеңде Тәжиев, Асқаров және Арман көшелерін жаңарту көзделіп отыр. Бұл жұмыстар жекелеген аумақтарды біртұтас абаттандырылған жүйеге біріктіріп, Наурызбай ауданын Алматының ең жасыл әрі ең жайлы аудандарының біріне айналдыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);