AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының Наурызбай ауданында 37,7 шақырым жол жөн...

Алматының Наурызбай ауданында 37,7 шақырым жол жөнделіп, жаңа тротуарлар салынады

Барлығы 13.11.2025, 12:09 628
Алматының Наурызбай ауданында 37,7 шақырым жол жөнделіп, жаңа тротуарлар салынады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында сөз сөйлеп, ауданның көше-жол желісін дамыту бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы баяндады.

Әкімнің айтуынша, 2025 жылы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының тапсырысы бойынша жалпы ұзындығы 37,7 шақырым болатын 30 көшеге орташа жөндеу жүргізілген, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Сонымен қатар, жаңа жолдар салу аясында «BCS Construction» мердігерлік ұйымы Ақжар шағынауданында 15,5 шақырым (34 көше) асфальттады.

Шұғыла шағынауданындағы құрылыс толық аяқталды. Ұзындығы 6,8 шақырым болатын 28 көше асфальтталды, дайындық деңгейі — 100%.

2024 жылы 50 мың шаршы метр жол жабыны қалпына келтіріліп, 1,7 шақырым арық желісі салынды. Биыл 45 мың шаршы метр жабыны жөнделіп, 1000 құдық тегістелді, 100 жаңбыр қабылдағыш ауыстырылды, сондай-ақ жалпы ұзындығы 4,7 шақырым болатын 16 көшеде техникалық тротуар салынды. Қосымша 200 өздігінен деңгейленетін люк орнатылды.

Ауданның басқа бөліктермен көліктік байланысын арттыруға ерекше көңіл бөлінгене. Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы Абай даңғылы, Төле би мен Жұбанов көшелерін жалғау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

•    Абай даңғылы – 600 м, аяқталу мерзімі  2025 жылдың соңына дейін;
•    Төле би көшесі – аяқталу мерзімі 2025 жылдың соңына дейін;
•    Жұбанов көшесі – аяқталу мерзімі 2026 жылдың тамызы.

Жол құрылысы жер телімдерін сатып алу рәсімдері аяқталған сайын кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

«Жергілікті атқарушы органдардың басты міндеті – аудан тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз көлік ортасын қалыптастыру. Барлық жобалар өмір сапасын арттыруға және инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған», - деп атап өтті Назира Тоғызбаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Наурызбай ауданы #жол жөндеу #тротуар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);