ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматының Наурызбай ауданында 2 емхана мен 3 ДШК с...

Алматының Наурызбай ауданында 2 емхана мен 3 ДШК салынып жатыр

Алматы 13.11.2025, 11:54 320
Алматының Наурызбай ауданында 2 емхана мен 3 ДШК салынып жатыр
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
№7 Қалалық клиникалық аурухананың инфрақұрылымын жаңғырту басталды

№7 Қалалық клиникалық аурухананың инфрақұрылымын жаңғырту басталды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Назира Тоғызбаева ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қатысты 10 айдың қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Әкімнің айтуынша, медицина мен әлеуметтік қолдау қаладағы ең жақсы дамып келе жатқан аудандағы басым бағыттың бірі болып қалған.  

Қазір ауданда 13 медициналық ұйым жұмыс істейді, онда шамамен 5 мың маман қызмет атқарады. Денсаулық сақтау мекемелеріне шамамен 190 мың тұрғын тіркелген. Осыған байланысты ауданда жаңа емханалар мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталықтары салынып жатыр.  

«Құрамыс» шағынауданында құны 8,9 млрд теңге болатын үлкен емхана салынады. Емхана бір ауысымда 500 адамға есептелген, құрылыс жұмысы 2026 жылдың маусымында аяқталады. Сондай-ақ, «Шұғыла» шағынауданында осындай тағы бір емхана салына  бастады. Оның құрылысы биылғы қарашада басталып, келер жылдың қыркүйегінде бітпек.  

«Ақжар» мен «Тастыбұлақ» шағынауданында да ауысымына 200 адам қабылдайтын екі амбулаторияның жобасы мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Құны шамамен 1,2 млрд және 1,5 млрд теңге болып қалады.

«Қалалық ауруханаларды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінген. №7 қалалық клиникалық ауруханада инфрақұрылымды жаңарту жұмысы басталды: тоғыз операциялық залды көшіріп, конструкцияларды күшейтіп, жеке блоктарды бөлшектеу басталды. №1 қалалық клиникалық аурухананы қайта жаңартуды 2026 жылдың наурызына жоспарлап отырмыз», - дейді Назира Тоғызбаева.

Наурызбай ауданында 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені де салынады. Екеуі «Шұғыла» шағынауданында, біреуі «Ақжар» шағынауданында орналасады. Қазір осыларға жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Назира Тоғызбаева әлеуметтік және медициналық инфрақұрылымды дамыту тұрғындардың өмір сапасын арттырудың негізгі шарты екенін атап өтіп, басты нысандарды жаңғырту жоспарлы түрде жалғасатынын жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.