AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Медеу ауданында көктемгі көріктендіру жұ...

Алматының Медеу ауданында көктемгі көріктендіру жұмыстары қарқын алды

Алматы 08.04.2026, 10:30 430
Алматының Медеу ауданында көктемгі көріктендіру жұмыстары қарқын алды

Көктем келісімен Алматының Медеу ауданында аумақтарды жаңарту мен көріктендіру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Қыс мезгілінен кейін көшелерде, саябақтар мен аллеяларда орналасқан орындықтар, қоқыс жәшіктері, баспалдақтар, жарық тіректері және өзге де инфрақұрылым нысандары кезең-кезеңімен сырланып, ретке келтірілуде, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл жұмыстар қоғамдық кеңістіктердің келбетін жақсартуға, санитарлық жағдайды сақтауға және тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Аудан тұрғындары да оң өзгеріске дән риза. 51 жастағы тұрғын Шара Тұнғанова күн сайын немересімен саябақта серуендейтінін айтып, атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылық білдірді.

«Таңертең немереммен саябақта серуендегенді жақсы көремін. Оның әрдайым таза әрі күтімді болғаны көңіл қуантады. Барлығы уақытында жаңартылып, ретке келтіріліп тұрады. Бұрын өзіміз де сенбілікке шығып, тазалау мен сырлау жұмыстарына қатысатын едік. Сондықтан мұндай еңбектің қадірін жақсы білемін. Ауданымызға жасалып жатқан қамқорлық үшін алғыс айтамын», – деді ол.

Өз кезегінде мердігер ұйым өкілдері мұндай жұмыстардың жыл сайын тұрақты түрде жүргізілетінін айтты. «Алем Шар» ЖШС маманы Фурхат Шерметов көріктендіру саласында 10 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Оның айтуынша, көктем басталысымен ұжым маусымдық жұмыстарға бірден кіріседі.

«Мен «Орталық саябақ» аумағына жауаптымын. Жыл сайын осы кезеңде сырлау және қалпына келтіру жұмыстарын бастаймыз. Барлығы тұрғындарға жайлы, таза әрі ұқыпты болуы үшін еңбек етеміз. Еңбегіміздің нәтижесін халықтың байқап, бағалауы біз үшін маңызды», – деді ол.

Аудандағы көркейту жұмыстары күн сайын жүргізіліп, алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);