Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Медеу ауданында биыл 43 мыңнан астам жол...

Алматының Медеу ауданында биыл 43 мыңнан астам жол төсемі жөнделді

Әлеумет 22.08.2024, 10:40 777
Алматының Медеу ауданында биыл 43 мыңнан астам жол төсемі жөнделді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында аудандағы жол инфрақұрылымын дамыту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қала басшысы жыл соңына дейін 64 мың шаршы метр жол төсеміне ағымдағы жөндеу жүргізілетінін, қазір 43,3 мың шаршы метр асфальттың жөнделгенін мәлімдеді. 

«Сондай-ақ, 26 көшедегі 23 км жолды орташа жөндеу жоспарланған, оның 6,6 км жолы қазірдің өзінде жөнделді. Бұған қоса, 14,3 км тротуар және 17 км арық желісін салу жұмыстары жүргізілуде. Жұмысты қараша айында аяқтау жоспарланып отыр», - деді Ерболат Досаев.

Қоғамдық көлік қызметінің сапасына тоқталған Алматы әкімі 2024 жылы 21 маршруттағы автобустар жаңартылып, жылжымалы құрамның саны 280-ден 351-ге дейін көбейгенін айтты. 

  • Жалпы, Алматыда биыл орташа жөндеу жұмыстары 250 км болатын 274 көшені қамтиды. Осылайша, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 92%-ға дейін жеткізу көзделген. 
  • Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен газбен жүретін 600 автобус, 100 электрлі автобус және 112 троллейбус сатып алынады. Жеке автопарктер биылғы бірінші жартыжылдығында газбен жүретін 150 автобус пен 15 электрлі автобус сатып алды.
  • Осылайша, 2024 жылы экологиялық таза қоғамдық көліктің үлесі 53,7%-дан 70%-ға дейін артады, ал пайдалану мерзімінің орташа ұзақтығы 3 жылдан 2,5 жылға дейін қысқарады.

Бұған қоса, 500 келушіге арналған жаңа емхана салу және «Алатау» қалалық ауруханасы мен №2 емхана ғимараты жаңғыртылмақ. Бұл шаралар қазір ауданның 5 емханасына жүгінетін 3 мыңнан астам пациенттің сапалы медициналық қызмет алуына септігін тигізеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медеу #Ерболат Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.