ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Медеу ауданында 13 заңсыз дүңгіршек сүрі...

Алматының Медеу ауданында 13 заңсыз дүңгіршек сүрілді

Әлеумет 07.03.2025, 09:33 660
Алматының Медеу ауданында 13 заңсыз дүңгіршек сүрілді
Алматы қаласы әкімдігі
Алматының Медеу ауданында заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандарын (СЕСН) сүру жұмыстары аяқталды. Бұл шара Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен әкімдік бастамасымен...

Алматының Медеу ауданында заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандарын (СЕСН) сүру жұмыстары аяқталды. Бұл шара Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен әкімдік бастамасымен жүргізілген заңсыз дүңгіршектерді жою науқаны аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2025 жылы 20-27 қаңтар аралығында 13 заңсыз нысанның иелеріне оларды өз еркімен бұзу туралы ескерту берілді. Соның нәтижесінде келесі мекенжайлардағы 9 дүңгіршек сүрілді: Тәттімбет көшесі, 9/1; Қажымұқан көшесі, 10а және 32; Жібек жолы даңғылы, 64; Қалдаяқов көшесі, 17; Пушкин көшесі, 26; Думан-2 шағын ауданы, 25 және Медеу аумағы. Сонымен қатар, әкімдік аппаратының қызметкерлері Жібек жолы даңғылы, 47; Райымбек батыр даңғылы, 100/1; Тәттімбет көшесі, 9/1 және Шашкин көшесі, 21 мекенжайларында 4 СЕСН-ді бұзды. Аудандағы жоспарланған барлық бұзу жұмыстары аяқталып, заңсыз дүңгіршектер алынып тасталды.

Сонымен қатар, Жангелдин көшесі, 22/1; Чайкина көшесі, 3; Жолдасбеков көшесі, 9/1; Самал-2 шағын ауданы, 2А; Тәттімбет көшесі, 9/1; Пушкин көшесі, 1/2 және 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында орналасқан 6 нысан күрделі құрылыс болып саналады. Олардың тізімі Жер ресурстарын басқару департаменті мен Қала құрылысын бақылау басқармасына әрі қарай шара қабылдау үшін жіберілді.

Еске салсақ, 2025 жылғы 4 ақпаннан бастап Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Жұмыс тобымен бірге Алматы қаласында көше саудасын жою жұмыстарына кірісті. Бүгінгі таңда мемлекеттік қор жерлерінде орналасқан 300-ден астам СЕСН мен 222 ойын автоматы бұзылды. Сонымен қатар, жер телімдеріне берік бекітілген 32 күрделі құрылыс анықталып, оларды мәжбүрлі түрде бұзу үшін сотқа талап-арыз жолданды.

«Бұл жұмыс қала үшін өте маңызды, өйткені дүңгіршектер көшелерімізді толтырып, кейде жүргіншілер жолын жауып, тазалық мәселесін тудырады. Барлығы заң аясында жұмыс істеп, санитарлық нормаларды сақтауы керек деп санаймын. Бұл – біздің денсаулығымыз бен балаларымыздың болашағы үшін қажет. Егер қазір тәртіп орнатпасақ, ертең жағдай ушығады. Алматы таза көшелері мен жоғары мәдениеті бар көрікті қала болып қалуға тиіс», – деді қала тұрғыны Сауле Омарова.

Заңсыз орнатылған инженерлік желілерді ажырату жұмыстары жалғасуда, ал қалған 210 СЕСН-ді бұзу 2025 жылы 15 наурызға дейін толық аяқталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,441 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,319 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.