AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Медеу ауданында 100 шақырым инженерлік ж...

Алматының Медеу ауданында 100 шақырым инженерлік желі салынады

Әлеумет 27.02.2025, 10:02 810
Алматының Медеу ауданында 100 шақырым инженерлік желі салынады
видеодан алынды

Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев тұрғындарды сапалы инженерлік инфрақұрылыммен кешенді қамтамасыз етудің нәтижелері мен жоспарларды атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Оның айтуынша, ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында бұрын-соңды су мен кәріз болмаған шалғайдағы шағын аудандар қамтылған. Мәселен, осы жылдың наурыз айында «Каменское плато» ш/а батыс бөлігіндегі 7 мың тұрғыны үшін 50 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы басталады. Жұмыстарды аяқтау 2026 жылдың қыркүйегінде жоспарлануда.

«2025 жылы Мұзтау, Сұлусай, Атырау, Алатау, Кіші Станица және Таулы қырат шағын аудандарында тағы 100 шақырым су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы аяқталады», - деп атап өтті қала әкімі.

2024 жылдың қорытындысы бойынша ауданда 6 скважина салынды, қуаттылығы тәулігіне 37,7 мың м3 су болатын 12 сорғы орнатылды, көлемі 7,3 мың м3 7 резервуар тұрғызылды және Каменское плато, Көлсай, Мұзтау және Юбилейный шағын аудандарында 6 шақырым магистральдық желі салынды. Сонымен қатар, Кеңсай, Компот, Думан және Көлсай шағын аудандарында 61 шақырым желі салынды.

Маңызды жобалардың бірі 2024 жылдың шілдесінде сумен жабдықтаудың резервтік жүйесін іске қосу болды. Бүгінде ол Самал, Көк-Төбе және Таулы қырат шағын аудандарының 50 мың тұрғыны үшін Талғар жер асты суларының кен орындарынан тәулігіне 32 мың текше метр су беруді қамтамасыз етеді. 

Жалпы Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылы 260 шақырым жаңа құрылыс салу және 87 шақырым қолданыстағы сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сумен қамтамасыз ету #Ауыз су #сорғы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);