ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматының КВИ жұқтырған тұрғындары қоғамдық тамақт...

Алматының КВИ жұқтырған тұрғындары қоғамдық тамақтану орындары мен СОСО-ға кіруге тырысады

Өмір-өзен 24.07.2021, 16:39 1,860
Алматының КВИ жұқтырған тұрғындары қоғамдық тамақтану  орындары мен СОСО-ға кіруге тырысады
Сурет: Gotocollier.com
Бас санитарлық дәрігер барлық кәсіпкерлерді жұмысқа жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Бас санитарлық дәрігер барлық кәсіпкерлерді жұмысқа жауапкершілікпен қарауға шақырды.


Алматыда өткен аптада 14 күн бойы карантин шектеулерін сақтауға тиіс 200-ден астам адам  қоғамдық тамақтану нысандарына баруға және еліміздің басқа өңірлеріне ұшуға тырысты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.


QR-кодты Ashyq жүйесі арқылы сканерлеу кезінде қоғамдық тамақтану орындарында 94 алматылықтан «қызыл» және 24 алматылықтан «сары» мәртебесін анықтады. Олардың барлығы кафе мен мейрамханаларға кіруге тырысты.



«Неліктен біз қоғамдық тамақтану орындарына бару  уақытын шектедік? Бұл қала тұрғындарының бір-бірімен ұзақ уақыт байланыста болып, 5-6 сағат мейрамхана мен кафелерде болуына байланысты. Түнгі клубтарда таң атқанға дейін болатын келушілер бар. Егер мекеме тапсырыс бойынша жұмыс істесе,  бұл басқа мәселе», – деп түсіндірді Жандарбек Бекшин.



Сондай-ақ ауру жұқтырған алматылықтар осы аптада СОСО-ға баруға тырысты.  «Қызыл» мәртебесі бар 33 тұрғын және «сары» мәртебесі бар 14 адам тіркелген.



«Басқа өңірлерге «қызыл» мәртебесі бар 29 тұрғын және «сары» мәртебесі бар төрт тұрғын ұшқысы келді. Олар әуежайда Ashyq  жүйесін сканерлеу кезінде анықталды. Тексерудің арқасында вирус жұқтырғандар мен байланыс жасағандардың ұшақ салонына өтуіне жол берілген жоқ», – деді Жандарбек Бекшин.



Төртінші орынға фитнес-орталықтары кіреді. Онда сегіз «қызыл» және бір «сары» мәртебе анықталды. Сондай-ақ бес кинотеатр жабылды. Онда бір апта ішінде «қызыл» мәртебесі бар төрт келуші анықталды.


Сонымен қатар Жандарбек  Бекшин кәсіпкерлер қатарындағы Ashyq жобасының барлық қатысушылары келушілерді тексеруге жауапкершілікпен қарайтынын айтты. Сондай-ақ қосымша орнатылған нысандарда 115 қала тұрғыны ауру жұқтырды. Тексеру қорытындысы бойынша жобадан 300 қатысушы кәсіпкер шығарылды. Мекемеге кірген кезде келушілердің QR-кодтарын сканерлеу жүзеге асырылмағаны үшін жобаға кірмеуі де мүмкін.


Бас санитарлық дәрігер жобаның адал қатысушыларына алғысын білдіріп, барлық кәсіпкерлерді жұмысқа жауапкершілікпен қарауға шақырды. Кәсіпкерлердің заң бұзушылықтары анықталған жағдайда Ashyq жүйесінен шығарып қана қоймай, нысанның жұмысын тоқтатады.


Жандарбек Бекшин Алматы тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарға, әсіресе, демалыс орындарына барған кезде әлеуметтік қашықтықты сақтауды өтінді. Ал КВИ-мен амбулаторлық жағдайда емделіп жатқан немесе олармен байланыста болған қала тұрғындары жауапкершілік танытуға, карантин ережелерін сақтауға және жақындарына қауіп төндірмеуге тиіс. Жергілікті атқарушы органдар өз кезегінде саябақтарды, гүлзарларды және басқа да қоғамдық орындарды дезинфекциялау режиміне назар аударады. 


Жандарбек Бекшин Алматыда соңғы 23 күнде коронавирусты жұқтырудың 14 501 жағдайы тіркелгенін айтты. Сонымен қатар эпидемиологтар пен вирусологтар «лямбда» сияқты басқа штамдардың пайда болуын күтеді. Осыған орай Алматының  бас санитарлық дәрігері қала тұрғындарын қалыптасқан қазіргі  күрделі жағдайға барынша жауапкершілікпен қарауға, басқаларға жұқтырмау үшін қорғануға, міндетті түрде бетперде тағып, әлеуметтік қашықтық пен гигиеналық талаптарды сақтауға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.