Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматының көпбалалы аналары марапатқа ие болды

Алматының көпбалалы аналары марапатқа ие болды

Әлеумет 02.10.2024, 10:50 1,104
Алматының көпбалалы аналары марапатқа ие болды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда көпбалалы аналар марапатталды

Алматының Жетісу ауданында көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді

Алматы қаласының 9 көпбалалы анасы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларының иегері атанды. Олар Жетісу ауданында тұрады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №645 Жарлығына сәйкес екі ана «Алтын алқа» алса, тағы жеті анаға «Күміс алқа» берілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Біз тәрбиелеп отырған балаларымыз еліміз бен жерімізге қызмет етсе, бұл біздің мақсатымыздың орындалғаны. Әрбір ана балалардың санына ғана емес, олардың тәрбиесінің сапасына да жауап береді, өйткені бұл үлкен жауапкершілік. Қазақстанның болашағы жарқын болсын, балаларымыз денсаулығы мықты болып, еліміз гүлдене берсін!», – деді «Алтын алқа» иегері Аяна Әлішева.

«Күміс алқа» иегері, 6 баланың анасы Гүлзана Халбекова да эмоциясын жасырмады. 

«Мен осы сәтті ұзақ күттім. Өзім көпбалалы отбасында өскенмін, біз анамыздың мейіріміне және әкеміздің қамқорлығына бөленіп өстік. Біздің балаларымыз да бір-біріне қамқорлық пен жақсылық жасайды. Менің ойымша, бейбіт еліміз мен көңілі дархан халқымыздың арқасында балаларымызды бейбітшілік пен келісімде тәрбиелей аламыз. Көпбалалы ана болу бақыт, мен әр отбасыға осындай бақыт тілеймін!», – деді Гүлзана Халбекова.

Жетісу ауданының әкімі Ләззат Жылқыбаева жоғары награда иегерлерін құттықтап, ұлттың дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

Ауданда барлығы 2 940 көпбалалы ана тіркелген. Бүгінде олардың 154-і «Алтын алқа», 305-і «Күміс алқа» медальдарымен марапатталған. Олардың қатарына тағы 9 әйел қосылды. Көпшілігі білім беру, медицина және басқа да мемлекеттік және жеке құрылымдарда жұмыс істеп, қаланың дамуына зор үлес қосып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #аналар #Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.