Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматының коммуналдық қызметіндегі жаңа техника қо...

Алматының коммуналдық қызметіндегі жаңа техника қол еңбегін азайтуға септігін тигізеді

Әлеумет 02.08.2024, 09:13 909
Алматының коммуналдық қызметіндегі жаңа техника қол еңбегін азайтуға септігін тигізеді
Сурет: Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

Санитарлық тазалық жүргізудің сапасы мен жеделдігін арттыру үшін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен «Алматы Тазалық» МКК үшін жолды тазартуға арналған мамандандырылған техника мен тракторлардың жаңа буыны сатып алынды.

Коммуналдық мекеменің гаражы тазалауға арналған 12 техникамен толықты, деп хабарлайды aqshamnews.kz Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап. 

  • 6 конвейерлік-вакуумдық сыпыру машинасы – сыпыру ені 3,5 метрге дейін жетеді. Бұл техника жапырақтарды, қоқықты тазалау үшін өте ыңғайлы. Енді осындай 23 машина Алматының негізгі көшелеріне қызмет көрсетеді, оның 17-сі 2023 жылы қалалық бюджет есебінен сатып алынған.
  • Жолдар мен тротуарларды тазалауға арналған 6 трактор – шөмішінің ені 2,5 метр, щеткасы 1,8 метр.

«Жаңа техника қол еңбегін азайтуға мүмкіндік береді, өйткені бір машина 30 адамды алмастырады, ауысымына жылдамдық пен жинау өнімділігін 100 мың м2 дейін арттырады. Сонымен қатар, шуы аз, сапалы түрде тазартады, шаңдатпайды. Тракторлар қыста қарды тырмалау мен көктайғаққа қарсы материалдарды себуге пайдаланылады», - дейді Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Дулат Әшкенов.

Жалпы, биыл тағы 20 бірлік техника сатып алу жоспарланып отыр:

-   5 электр сыпырғыш-жинау машинасы - дыбыссыз жұмыс істейді, бұл оларды түнде пайдалануға мүмкіндік береді

-  3 сұйық реагент шашқыш – көктайғаққа қарсы қолданылады

-  2 ассенизатор машинасы — еріген суды соруға арналған

-  10 аралас жол машинасы — жол тазалауға арналған.

Анықтама: қалада 2 318 көше санитарлық мақсатта тазаланады. Барлығы қалаға қызмет көрсететін 1084 бірлік арнайы техника және 1240 жұмысшы бар.

Еске салсақ, биыл 19 шілдеде VIII сайланған мәслихаттың кезектен тыс ХХІ сессиясы барысында депутаттар Алматы қаласының аумағын көріктендірудің жаңа ережесін бекітті. Ереже қыста және жазда аумақтарды, көше-жол желілерін жинау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Коммуналдық қызмет #жаңа техника
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.