Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс ре...

Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды

Әлеумет 19.01.2024, 12:54 1,104
Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласының коммуналдық қызметтері қар жауады деп болжануына байланысты дайындықты бастады


«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, Алматы қаласында бүгін ауа температурасы -6… -8°C-ға дейін төмендейді, шамамен сағат 04.00-ден түске дейін қалыңдығы 4 см-ге дейін аздаған қар жауады. Жолдар мен тротуарларға мұз қатып, көктайғақ болуы мүмкін.


20 қаңтарда күндіз көшпелі бұлт шығып, солтүстік-шығыстан жылдамдығы 2-7 м/с жел соғады, ауа температурасы -3...-5°C болады.



Алматы қаласының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.


20 қаңтарда күндіз 412 арнайы техника мен 1120 жұмысшы жұмылдырылады. Түнде 436 арнайы техника және 219 жұмысшы тарту жоспарланды.



Қарды шығаруға 123 бірлік, оның ішінде 27 қар тиеуші, 75 өзі түсіргіш жүк көлігі, 11 трактор, 10 автогрейдер және 156 жұмысшы жұмылдырылады. Дислокация орындарында қар жауғанға дейін 146 құм таратқыш кезекшілікке шығады.


Қазір тротуарларды, жол шетіндегі жиектастардан қарды тазалау жұмыстары жалғасып жатыр. 2024 жылғы 19 қаңтар сағат 18:00 жағдай бойынша 19 750 м3 қар шығарылды, бұл өзі түсіргіш жүк көлігінің 1 975 рейсі деген сөз.



Естеріңізге сала кетейік, жолда, тротуарларда және қоғамдық орындарда қардың дұрыс тазаланбағанын көрсеңіздер , +7 (706) 689 8898 Whats App нөміріне жүгінсеңіз болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қалыңқар #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.