Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматының кей ауласында пластикалық бөтелкелер мен...

Алматының кей ауласында пластикалық бөтелкелер мен алюминий банкаларды жинауға арналған торлы контейнерлер пайда болды

Әлеумет 22.07.2023, 11:54 1,158
Алматының кей ауласында пластикалық бөтелкелер мен алюминий банкаларды жинауға арналған торлы контейнерлер пайда болды
Сурет: ашық дереккөз

«Жасыл аула» жобасы Алматы қаласының Алмалы ауданында бастау алды.


Қазіргі таңда бес негізгі аулаға қайта өңделген материалдарды бөлек жинауға арналған жаңартылған торлар (пластикалық бөтелкеге арналған бөлек тор және тек алюминий банкаға арналған бөлек тор) қойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


«Жасыл аула» жобасының мақсаты - қалдықтарды бөлек жинау, экологиялық мәдениетті сақтау және тұрғындармен белсенді байланыс орнату. 
Жоба Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының және «Жасыл Алматы» жобалық кеңсесінің бастамасымен Алматы қаласын дамытудың Жол картасы аясында жүзеге асты. Жобаға «EN Social» қоғамдық қоры және ECO Network қолдау көрсетті.


Жоба аясында қамтылған аулалардың мекенжайлары:
- Құрманғазы көшесі, 58;
- Желтоқсан көшесі, 166;
- Чайковский көшесі, 25;
- Мақатаев көшесі, 130;
- Шагабутдинов көшесі, 45.



«Егер осы аумақтарда тұрсаңыз, біздің жобамызды пайдаланғаныңызға қуаныштымыз», - деді «Жасыл Алматы» экология бағыты бойынша жобалық кеңсенің басшысы Евгений Мұхамеджанов. 


Оның айтуынша, мұндай торлы контейнерлер бұрын қоқыс алаңдарына қойылған. «Өкінішке қарай, олардың барлығы қоқыс алаңына айналды, тұрғындар басқа заттарды да тастаған. Өйткені адамдарға бұл контейнерлердің не үшін қажет екенін ешкім түсіндірген жоқ. Енді біз бұл жобаны қайтадан қолға алып жатырмыз және контейнерлер не үшін арналғаны туралы ақпарат орнаттық. Алматылықтарды пластикке арналған контейнерге тек пластикалық бөтелкелерді, ал басқа контейнерге - энергетикалық және басқа да сусындардан қалайы банкаларды салуға шақырамыз», - деді Евгений Мұхамеджанов. 



Ол Түркістанда пластикалық бөтелкелер қайта өңделетінін айтты. Содан олар мәйкі, кофта, жастық, ауыл шаруашылығы мен жол құрылысына арналған жабындар шығарады. Алюминий банкалар да қайта өңделеді. Мысалы, Қарағандыда осындай банкалардан қазандар шығаратын "Қазвторчермет" зауыты бар.


Қайта өңдеуге арналған контейнерлер уақыт өте келе мегаполистің басқа аудандарында да пайда болады, деп хабарлады Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесі.


Құрметті қала тұрғындары, сіз өзіңіздің аулаңызда осындай контейнер қойылғанын қаласаңыз, өтінімді мына нөмір бойынша қалдыра аласыз: +7 771 76 55 999 (WhatsApp).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#контейнер #аула #Жасыл аула
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.