AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Жетісу ауданында қандай жобалар іске асы...

Алматының Жетісу ауданында қандай жобалар іске асырылды

Әлеумет 17.11.2022, 15:00 1,166 Almaty-akshamy
Алматының Жетісу ауданында қандай жобалар іске асырылды
Сурет: Almatytv

Жетісу ауданы бойынша 69 көшеде 102 шақырым арық желісі бар


Алматының Жетісу ауданында жауын жауса, су алып кететін аймақтарға жөндеу жүргізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Жетісу ауданындағы Казаков көшесінде салынған ойын алаңы алыстан көз тартады. Тек қазір ауа-райының қолайсыздығына байланысты онда асыр салған бала жоқ. Дегенмен, мұндай демалатын орынды халық көп күтті. Оны сұрап, Алматы әкімімен кездесуге де барды. Араға біраз уақыт салып өтініш орындалды. Қолданысқа берілген алаңды қос мердігер мекеме жасаған. Аумақта автотұрақ бар. Болашақта қауіпсіздік мақсатында бір жақты қозғалысқа ғана рұқсат ететін жол белгісі қойылмақ. Жаяу жүргіншілерге аумақ ыңғайлы бола түспек.



«Иә, шынында бұрын аумақ күтімсіз қалған орман секілді еді. Тек ағаштары ғана болатын. Қазір жақын маңда балабақша, балаларды мектепке дайындайтын жекеменшік ұйымдар жұмыс істейді. Мұнда жиі келеміз. Ойын алаңын көргенде қуандық. Өйткені, балаларды сергіп қалады, ал олар сабақ оқуға кеткенде ата-аналарға демалып алуға болады», – деді қала тұрғыны Әсем Исламбәкиева.



«Қазіргі таңда жұмыстар толық аяқталған. Жарық берілді. Орындықтар, ойын алаңына жаңаша форматтағы маф дейміз ғой, шағын архитектуралық пішіндер қойылды. Қасына қосымша, жердің тапшылығына байланысты жүгіру алаңы қарастырылды. Жаттығу алаңы, воркаут заттары қойылды», – деді Жетісу аудандық коммуналды шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрдәулет Қалдаров.


Жетісу ауданында су басу қаупі бар аймақтар бар. Мәселен, Брюсов көшесінің тұрғындары жауын жауғанда белуардан су кешуге мәжбүрміз деп шағымданды. Ал көктем жаңбырлы болса, қиын. Дүйім ел кездесуде күрмеуі көп күрделі мәселені тезірек шешіп беруді сұраған болатын.


Мамандар мәселені ені екі есеге кеңейтілген арық шешетінін айтты. Жаңаша салынған суағар қатты судың да қарқынына төтеп беретін көрінеді. Қазір жұмыстың басым бөлігі аяқталған. Арықты темір торлармен жабу ғана қалыпты. Олар уақытылы қоқыстан тазартып тұру үшін алынбалы-салынбалы етіп жасалады. Жалпы су басу қаупін болдырмау үшін ауқымды шара қолға алынды.



«Басқармалармен бірігіп, аймақта 4 коллекторда, сонымен қатар 3 мекен жайда 1 каналда күрделі жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Биыл толығымен аяқтаймыз. Алдағы уақытта су басу мәселесін ауданда толығымен шешеледі», – деді Жетісу аудандық көріктендіру бөлімінің басшысы Қуаныш Сейтімбетов.



Айта кетейік, Жетісу ауданы бойынша 69 көшеде 102 шақырым арық желісі бар. Қазір 47 мекен жайда 7,4 шақырым суағар салынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жетісу ауданы #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);