Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Жетісу ауданында жаңа су құбыры және кәр...

Алматының Жетісу ауданында жаңа су құбыры және кәріз желілері тартылуда

Әлеумет 14.11.2024, 17:00 1,181
Алматының Жетісу ауданында жаңа су құбыры және кәріз желілері тартылуда
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Алматының Жетісу ауданында 2025 жылдың соңына қарай 97 шақырымнан астам жаңа инженерлік желілер салынады   Жаңа инженерлік желілердің арқасында Алматыдағы Жетісу ауданының 6 мыңнан астам тұрғыны...
 

Алматының Жетісу ауданында 2025 жылдың соңына қарай 97 шақырымнан астам жаңа инженерлік желілер салынады

 

Жаңа инженерлік желілердің арқасында Алматыдағы Жетісу ауданының 6 мыңнан астам тұрғыны орталық сумен жабдықтауға қосылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Жетісу ауданында сумен жабдықтау және су бұру желілері құрылысының барысымен танысты.

Бұрын бұл учаскеде магистральдық желілер болмаған. Кеңес заманында тұрғындар ұжымдық су құбырын тартып, кейін жеке желілерге қосылды. Құбырлардың кіші диаметрі және халық санының өсуіне байланысты қысым және сәйкесінше су тапшылығы болды. Пайдалану кезінде тозған құбырлар жүктемелерге төтеп бере алмады, соның салдарынан жиі қысымның төмендеуі және сумен жабдықтауда үзілістер орын алды.

Жетісу ауданында сумен жабдықтау және суды бұрудың жаңа желілерін салудың ауқымды құрылысы 2023 жылдың наурыз айында басталды. Жоба бойынша инженерлік желілердің жалпы ұзындығы — 97,75 км: 25,7 км су құбыры және 72 км – кәріз желілері. Бүгінгі таңда нысанның дайындығы 30%-ды құрайды. Жұмыстарды аяқтау 2025 жылдың желтоқсанына жоспарланған.

Сондай-ақ, жобада жолдың бүкіл ені бойынша 13 көшеде асфальт төсемін қалпына келтіру көзделген, оның 9-ы бойынша жұмыстар аяқталды: Таймыр, Мещерский, Шілдехана, Февральская, Обская, Феоктистов, Леонов, Быковский, Серіков көшелері. Боралдай және Октябрьская көшелері бойынша ұзындығы 1,5 км жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Осындай жұмыстар Логовая және Ермолова көшелерінде де жалғасады.

Жоба аяқталғаннан кейін 6 мыңға жуық абонент орталық инженерлік желілермен қамтамасыз етіледі.

Қала басшысы Жетісу ауданының әкіміне құрылыстың барысы мен сапасын бақылауды және жұмысты мерзімінде аяқтауды тапсырды. Ерболат Досаев бұл жобаны іске асыру қалалық инфрақұрылымды және Жетісу ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,465 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,358 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,995 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,192 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.