конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының Жетісу ауданында «демалыс күнгі жәрмеңке...

Алматының Жетісу ауданында «демалыс күнгі жәрмеңке» ашылады

Барлығы 22.08.2025, 14:23 772
Алматының Жетісу ауданында «демалыс күнгі жәрмеңке» ашылады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өнімдерді 300-ден астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ұсынады

Алматыда қолжетімді бағада жаңа әрі балғын өнімдер алуға болатын тағы бір орын ашылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Жетісу ауданында «демалыс күнгі жәрмеңке» жұмысын бастайтынын «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы хабарлады.

Жәрмеңкенің мақсаты – жергілікті шаруаларға өз өнімдерін өткізуге мүмкіндік жасау, ал тұрғындарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті қолжетімді бағамен ұсыну.

Алдағы демалыс күндері Құлагер ықшамауданындағы «Гүлдер» саябағының алдында 15 сауда жасайтын шатырлар қойылады. Мұнда жылқы, сиыр, қой және құс еті, сүт өнімдері, жұмыртқа, көкөніс пен жеміс-жидек, сондай-ақ жаңа піскен нан-тоқаш өнімдері сатылады. Сауда алаңы демалыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Қазір демалыс күнгі жәрмеңкелер Алматының бірнеше ауданында тұрақты түрде өтеді:

  • Алмалы ауданы – Масанчи көшесі (Әйтеке би – Гоголь көшелерінің арасы);
  • Әуезов ауданы – Өтеген батыр көшесі (Абай даңғылынан төмен);
  • Бостандық ауданы – Қазақфильм ықшамауданы (әл-Фараби даңғылынан жоғары);
  • Медеу ауданы – Меңдіқұлов бульвары – Бектұров көшесі.

Апта сайын жәрмеңкелерге 45 мыңнан астам қала тұрғыны келеді. Өнімдерді Алматы мен Алматы облысының 300-ден астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ұсынады. Сауда сөрелерінде 1000-нан астам тауар түрі бар: ет, жұмыртқа, көкөніс, жеміс-жидек, сүт өнімдері, шұжық, бал және тағы басқасы.

Бағаны тұрақтандыру шаралары аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер нарықтағыдан 15–20 пайыз төмен бағамен сатылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жетісу ауданы #жәрмеңке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);