конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының Жетісу ауданында 10-нан астам кәсіпорын...

Алматының Жетісу ауданында 10-нан астам кәсіпорын шағын өнеркәсіп парктеріне алаң дайындап жатыр

Барлығы 29.01.2026, 11:10 646
Алматының Жетісу ауданында 10-нан астам кәсіпорын шағын өнеркәсіп парктеріне алаң дайындап жатыр
Алматы әкімдігі

Жетісу ауданында бұрынғы өндірістік қуатын жоғалтқан кәсіпорындардың өнеркәсіптік қорын кезең-кезеңімен қайта құру жұмыстары басталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жұмыс істеп тұрған әрі бұрын белсенді қызмет атқарған өндірістік алаңдардың базасында шағын өнеркәсіп парктерін құру жөніндегі қалалық бастама жүзеге асырылып жатыр.

Қазіргі уақытта ауданда аумағын жаңғыртып, шағын өнеркәсіп паркке айналдыруға дайын екенін білдірген 10-нан астам өнеркәсіптік кәсіпорын айқындалды. Бұл инфрақұрылымның тозуы немесе технологияның ескіруіне байланысты өз бетінше жаңаруға мүмкіндігі жоқ болғанымен, инженерлік желілері тартылған өндірістік алаңдары сақталған маңызды нысандар.

Шағын өнеркәсіп парктерінің форматы бір мезетте бірнеше шағын және орта бизнес субъектісін орналастыруға арналған заманауи өндірістік кеңістік құруға бағытталған. Мұндай тәсіл бұрын толық пайдаланылмаған цехтар мен қойма ғимараттарын қайтадан шаруашылық айналымға енгізуге мүмкіндік береді.

Алғашқы пилоттық алаңдар ретінде өнеркәсіптік әлеуеті жоғары әрі орналасуы қолайлы нысандар іріктелді. Олардың қатарында бетон және темірбетон бұйымдарын шығаратын «Темірбетон-1», жол қозғалысын ұйымдастыруға арналған өнімдер өндіретін «Жол белгілері зауыты», сондай-ақ бұрын Алматы ет комбинаты орналасқан аумақтағы «Нұрәлем Алматы» бар.

Қазіргі кезде Алматы әкімдігінің қолдауымен кәсіпкерлер «Almaty Finance» АҚ арқылы жеңілдетілген қаржыландыру алу үшін құжаттар топтамасын әзірлеп жатыр. Қаражат ғимараттарды жаңартуға, инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға және жаңа өндірістерді іске қосуға бағытталады.

Жоспар бойынша шағын индустриялық парктердің аумағы 5 мыңнан 10 мың шаршы метрге дейін жетеді. Қаржыландыру бекітіліп, рұқсат құжаттары рәсімделген соң заманауи, қауіпсіз әрі экологиялық талаптарға сай өндірістік алаңдарды құруға бағытталған құрылыс-монтаж жұмыстары басталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кәсіпорын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 17:49

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);