AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының жасыл қоры қалай жаңартылуда?

Алматының жасыл қоры қалай жаңартылуда?

Әлеумет 04.12.2023, 09:24 1,311
Алматының жасыл қоры қалай жаңартылуда?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

ӨКҚ баспасөз-конференциясы барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров мегаполисте жасыл желектерді отырғызу және абаттандыру жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.


Мәселен, 2023 жылы мегаполистің жасыл желектерінің ауданы адам басына 12 шаршы метрге дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қаланы көгалдандыру үшін осы жылдың басынан бастап 180 мың ағаш және 60 мың бұта отырғызылды. Санитарлық мақсатта 13,1 мың ағаш кесіліп, 2,3 млн. ағаш өңделді. Авто суарумен қамту 4,4 есеге артып, 587 гектарға жетті. 


Баспасөз-конференциясы барысында айтылғандай, жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі жаңа ережелерге сәйкес, 2023 жылдан бастап суару жүйесі жүргізілгеннен кейін 2-2,5 м кем болмайтын  көшет отырғызуды көздейтін жаңа тәсіл қолданылды.



«Жаңа ережелер бойынша жасыл желектерді био өңдеу енгізілді және санитарлық және қалыптап өңдеуге бірыңғай талаптар әзірленді», - деп атап өтті Ә. Әбдіқадыров.



Сонымен қатар, саябақтар мен парк аумақтары жаңартылуда. Осылайша, абаттандыру аясында алты саябақты (Оқушылар сарайы, ҚБТУ, Байсейітова көшесі, Әуежай даңқы, Желтоқсан саябағы, Көкмайса шағын ауданындағы саябақ) қайта жаңарту аяқталды. Жыл басынан бері саябақ аумақтарының ауданы 712-ден 977 гектарға дейін кеңейтілді.


Алматыда барлығы 153 саябақ пен сквер, 355 жаяу жүргіншідер және жасыл аймақ, 23 бульвар және 11 жағалау бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жасыл қор #желек #отырғызу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);