AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының жас тұрғындарына коронавирустың «дельта»...

Алматының жас тұрғындарына коронавирустың «дельта» штамы жұғуда

Әлеумет 02.08.2021, 13:55 1,559
Алматының жас тұрғындарына коронавирустың «дельта» штамы жұғуда

Дерт ауыр және бүкіл денеге екі есе тез әсер етеді.


Алматыда коронавирустың «дельта» штамы көбіне екпе салдырып үлгермеген жастарға жұғуда. Вирус жұқтырғандардың 37%-ы - 20 мен 40 жас аралығындағы алматылықтар. Бұл деректерді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Қалықова Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshmy.kz.


Эпидемиологтың айтуынша, «дельта» нұсқасы классикалық "ухань" штамынан екі есе залалды. Коронавирустың жаңа түрін жұқтырған науқастарда аурудың симптомдары өзгерді. Адамдардың иістің болмауына шағымдануы азайып, аурудың басқа бір ерекшелігін байқағандар көбейді. Коронавирус жұқтырғандар арасында асқазан-ішек дерттері асқынған.


Сонымен қатар, COVID-19 «дельта» штамы иммунитеті мықты, дені сау жастарға да жұғады. Дерт  ауыр және бүкіл денеге екі есе тез әсер етеді.


«Соңғы екі аптадағы жас құрылымын талдау жасөспірімдер арасында КВИ таралуының үлесі 0,7%-ға, ал 40-59 жастағы азаматтар арасында 0,8%-ға өскенін көрсетті. Негізінен, коронавирус жұқтыру 20-40 жас аралығындағы жастарда – 37%-да, 40-59 жастағы азаматтарда - 25%-да, 60 жастан асқан адамдарда – 19%-да және 14 жасқа дейінгі балаларда – 13%-да кездеседі», - деді Ә.Қалықова.


Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары қолда бар вакциналар коронавирустың жаңа нұсқаларынан қорғануға ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ карантин талаптарын, бетперде тағу режимін қатаң сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, байланыстарды шектеу қажет.


Әсел Қалыкова қала тұрғындары карантиндік талаптарды бұзуды жалғастырып жатқанын, той ұйымдастыратынын, жұмыс уақытынан тыс істеп жатқан адам лық толы мекемелерге баратынын, өздерін және жақындарын инфекция жұқтыруға ықпал ететіндерін айтты.


Ықтимал жұқтыру орындары бойынша қала маңына саяхат кезінде инфекциялардың өсуі - 2%, демалыс саябақтары мен жаяу жүргіншілер көшелерінде - 1%, банктерде, пошта бөлімшелері мен халыққа қызмет көрсету орталықтарында - 0,9%, дәріханаларда - 0,9%-ға, отбасылық шараларға қатысқанда - 0,7%-ға, қоғамдық тамақтану орындарында - мейрамханалар, кафелер мен түнгі клубтарда - 0,2%-ға.


Тәуекел аймағында әлі де «ашық» иммунитетті, вакциналанбаған адамдар бар, ал олардың саны Алматыда екпе алғандарға қарағанда көп. Жалпы алғанда, вакциналау науқанының барлық кезеңінде Алматы қаласының 725 575 тұрғыны бірінші компонентті салдырды. Өткен тәулікте 4 971 адам екпе алды. Вакциналанған адамдардың ішінде 99 587 адам - 60 жастан асқандар.


«Коронавирусқа қарсы тиімді«ұжымдық» иммундау туралы халықтың 70%-дан кем емесі вакцина алған кезде ғана айтуға болады. Мен барлық қала тұрғындарын вакцина алуға шақырамын, өйткені ең нашар жағдайда бізді одан да көп жұқтырған адамдар күтеді. Қазірдің өзінде дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне үлкен жүктеме түсіп отыр», - дейді Ә. Қалықова.


Санитарлық-эпидемиологиялық ведомство басшысының орынбасары алматылықтарды Үндістан, Таиланд, Филиппин, Мьянма, Ұлыбритания, Ресей сценарийлерін қайталамауға шақырды. Алматыда коронавирус инфекциясының 1 540 жағдайы тіркелді, оның 1404-і симптомды. Инфекциялық стационарларда 4 930 адам бар, оның ішінде 240 бала. Барлығы 7045 орын дайындалды.


Бүгінде интенсивті терапия және реанимация бөлімінде 310 пациент бар, 42 адам ӨЖЖ аппаратына қосылған, 134 адам инвазивті емес ӨЖЖ аппаратында, High flow аппаратында – 111 науқас. Бүгінде 10 070 науқас үйлерінде АМСК пен Телемедицина орталығының мобильді топтарының бақылауында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);