AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының жас таланттары «Тәуелсіздік ұрпақтары» г...

Алматының жас таланттары «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына ие болды

Әлеумет 13.11.2024, 14:54 1,422
Алматының жас таланттары «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына ие болды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Шара қалалық Жастар саясаты басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жастардың бастамаларын қолдауға бағытталған бұл грантқа 150-ден астам өтінім келіп түскен. Нәтижесінде комиссия шешімімен 6 бағыт бойынша 13 ерекше жоба ұсынған талантты жастарға 1 000 000 теңгеден үлестірілді. Атап айтқанда, грант иегерлері ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес, медиа және волонтерлік салалары бойынша  марапатталды.

«Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері рухы мен ойы еркін жастардың тұтас буыны өсті. Отанымыздың өркендеуіне өз үлестерін қосып жатқан Тәуелсіздік балаларының толқыны өсуде. Президенттің тапсырмасымен осы гранттар жас қазақстандықтарды қолдау мақсатында жүзеге асырылып келеді. Бұл олардың тың идеялары мен жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының жастарды әлеуметтендіру және жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Бекқайыров

Жобаның басты мақсаты – жастардың белсенді әрі шығармашыл қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдау, сондай-ақ жастардың қоғамдық маңызды шараларға қатысуы арқылы Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін дамыту дейді ұйымдастырушылар.

«Бұл жобаның басталғанын әлеуметтік желілерден көріп, бағымды сынап көрейін деп шештім. Комиссия шешімінен кейін ұйымдастырушылар “жеңімпаз атандыңыз” - деп, хабарласқанда қатты қуандым. Алдағы уақытта жобаны жастарға және қоғамға пайдасын тигізу үшін барынша сапалы жасауға тырысамыз», - деді бизнес бағыты бойынша грант иесі Нүсіпбаева Жұлдыз.

Салтанатты шараға қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері және белсенді қала жастары қатысты. Марапаттау рәсімінен кейін қонақтар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тәуелсіздік ұрпақтары #жастар #грант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);