ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматының жарық жүйесі «ақылды» басқаруға көшуде

Алматының жарық жүйесі «ақылды» басқаруға көшуде

Әлеумет 05.05.2025, 17:05 656
Алматының жарық жүйесі «ақылды» басқаруға көшуде
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Алматыда жарықтандыру жүйесі автоматты басқаруға көшуде: жыл соңына дейін 800 сыртқы жарықтандыруды басқару шкафы жаңартылады

Алматыда жарықтандыру жүйесі автоматты басқаруға көшуде: жыл соңына дейін 800 сыртқы жарықтандыруды басқару шкафы жаңартылады

2025 жылдың соңына дейін Алматыда сыртқы жарықтандыруды басқаруға арналған 1100 сыртқы жарықтандыруды басқару шкафының 800-і жаңасына ауыстырылады. Бұл туралы «Алматы Қала Жарық» МКК басшысы Игорь Мысик мәлімдеді.

«Қалада ескі басқару шкафтарын жаңасына ауыстыру белсенді түрде жүріп жатыр. Жаңа шкафтарда орнатылған заманауи құрылғылар апаттық сөнулердің санын азайтуға, ақауларды тез анықтап жоюға және жалпы сыртқы жарықтандырудың сапалы әрі үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Биыл 800 жаңа сыртқы жарықтандыруды басқару шкафы орнатылады. Бұған дейін сөнулердің 60 пайызы дәл осы жабдықтың тозуынан болған», – деді ол.

Жарықтандыру жүйесінің тағы бір маңызды бағыты - сәулеттік-декоративтік жарық орнату. 2025 жылы бұл жүйемен 70 ғимарат қамтылады. Олардың қатарында ҚазҰУ, Құрманғазы атындағы консерватория, Балуан Шолақ атындағы спорт кешені, теміржол вокзалдары мен «Сұңқар» трамплин кешені бар. Қазірдің өзінде Қазгидромет, Армия үйі мен әкімдіктер ғимараттарына жарықтандыру орнатылған.

Еске сала кетейік, былтыр тарихи-мәдени 56 ескерткішке жарық орнату жұмыстары аяқталған болатын. 128 прожектор қойылып, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы да жаңартылды: мұнда 470 шам ауыстырылып, 6 шақырымнан астам кабель тартылып, 450 автоматты ажыратқыш орнатылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,291 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,182 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.