ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматының жаңартылған Бас жоспарының жобасы Мәжілі...

Алматының жаңартылған Бас жоспарының жобасы Мәжіліс депутаттарына таныстырылды 

Алматы 20.12.2025, 11:33 309
Алматының жаңартылған Бас жоспарының жобасы Мәжіліс депутаттарына таныстырылды 
Алматы қаласы әкімдігі
Алматы қаласының әкімдігі шаһардың қала құрылысы кеңесі мүшелері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын түзету жобасын таныстырды....

Алматы қаласының әкімдігі шаһардың қала құрылысы кеңесі мүшелері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын түзету жобасын таныстырды. Жаңартылған құжаттың негізгі бағыттарын талқылауға депутаттар Ерлан Стамбеков, Бақытжан Базарбек және Ирина Смирнова қатысты.

Кездесу барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов халық қалаулыларының сұрақтарына жауап беріп, қаланың полицентрлік үлгі бойынша дамитынын атап өтті. Бұл тәсіл жаңа іскерлік аймақтарды дамытуға бағытталған. Онда жұмыс орындары, қоғамдық кеңістіктер мен заманауи инфрақұрылым пайда болады.

Өз кезегінде Парламент депутаттары қаланың Бас жоспарын түзету дер кезінде қолға алынғанын айтты. Өйткені қала халқының жедел өсімі, құрылыс қарқыны мен экологиялық жүктеменің артуы жаңа шешімдерді талап етеді.

Бақытжан Базарбек құжатта сейсмикалық қауіпсіздік жайына ерекше көңіл бөлінгенін айтты. Сонымен қатар, Алматының Бас жоспарына тікелей әсер ететін бірқатар маңызды өзгеріс ҚР жаңа Құрылыс кодексі жобасына енгізілгенін жеткізді.

"Біз құжатқа сейсмикалық қауіп пен сейсмикалық тәуекел сияқты маңызды ұғымдарды енгіздік, сондай-ақ аудандарды міндетті түрде төлқұжаттау қарастырылды. Сейсмикалық қауіп деңгейін аудан-ауданға бөліп анықтау мен көшкін қаупі бар аумақтар карталарын Бас жоспар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу кезінде міндетті түрде ескеру қажет. Бұл талаптар бастапқы деректерді беру мен эскиздік жобаларды келісуден бастап жобалық-сметалық құжаттаманы қарауға дейінгі барлық кезеңде қолданылуы қажет. Жалпы алғанда, бұл түзету қаланың дамуына қатысты негізгі мәселелерге жауап береді, сондықтан мен ұсынылған өзгерістерді қолдаймын", – деді Б. Базарбек.

Депутат Ирина Смирнова Бас жоспарды түзету кезінде қала тұрғындарының әлеуметтік қамтылуы басты басымдық болуы керектігін айтты.

"Қаланы дамыту нүктелі емес, кешенді құрылыс арқылы жүзеге асуға тиіс. Яғни, адамдардың мүддесін ескеріп, мектептерге, балабақшаларға, медицина және әлеуметтік нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет. Жалпы, біз Бас жоспарды түзету жобасын қолдаймыз, ол қаланың теңгерімді дамуына жол ашады деп сенеміз", – деді И. Смирнова.

Депутат Ерлан Стамбеков қоғамдық көлік жүйесін дамыту жайына, соның ішінде LRT, BRT және метро жобаларын іске асыру мүмкіндіктеріне назар аударды.

Депутат Е. Стамбековтің айтуынша, тұрғындарды ең алдымен экологиялық жүктемені азайту, атап айтқанда ауа сапасын жақсарту, жаңа жасыл аймақтар құру және өндірістік нысандарды тұрғын үй аумағынан тыс аумаққа көшіру жайы алаңдатады.

Еске салайық, қазіргі уақытта қаланың Бас жоспарына 2040 жылға дейінгі түзетулер енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба көлік инфрақұрылымын дамыту, қаланың полицентрлік құрылымын қалыптастыру, қоғамдық кеңістіктерді кеңейту, жасыл белдеуді сақтау және таулы аймақтарда құрылыс салуға тыйым салу сынды бағыттарды қамтиды.

Түзетудегі маңызды бағыттардың бірі – қоғамдық көлікті дамыту. Метро желілерін жеделдетіп салу, LRT және BRT жүйелерін енгізу, сондай-ақ арнайы жолақтарды кеңейту арқылы жолға түсетін жүктемені азайту көзделіп отыр.

Түзету жобасында халыққа ортақ жасыл аймақтарға басымдық берілген. 2040 жылға дейін олардың аумағы үш есеге ұлғайып, 3800 гектарға жетпек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.