AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының инфекциялық стационарлары қаншалықты қол...

Алматының инфекциялық стационарлары қаншалықты қолданыста 

Әлеумет 12.11.2021, 11:01 1,189
Алматының инфекциялық стационарлары қаншалықты қолданыста 
almaty-akshamy.kz

Дәрігерлер COVID-19 пациенттерін, соның ішінде өкпені вентиляциялық желдетуді қажет ететіндерді қабылдауға толық дайын. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының орынбасары Лаура Мырзағали мәлімдеді деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Лаура Мырзағалидің айтуынша, 18 ковидті стационарда 1774 төсек-орын ашылған.


Сонымен қатар, өткен тәулікте Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 146 жағдайы тіркелді, оның ішінде 136-сы симптомды, 10-ы симптомсыз.



- Ковидтік стационарларда 792 пациент, оның ішінде 20 бала бар. Барлық инфекциялық стационарларда  ӨЖЖ және High flow аппараттары бар. Реанимация бөлімшелерінде 81 адам емделуде. Дәрігерлер мен қызметкерлер саны да жеткілікті, - деді Лаура Мырзағали.



Айта кетерлігі, дәрігерлер үйде емделіп жатқан 1418 пациентті бақылауда, оларға күн сайын Телемедицина орталығынан қоңырау шалынады әрі мобильді бригадалар барады.


Лаура Мырзағали қалада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының айтарлықтай төмендегенін, алайда жағдайды тұрақтандыру және жаңа инфекциялардың алдын алу үшін барлық науқастар мен вакцина салдырғандарға ревакцинация жүргізу ұсынылатынын атап өтті. Бұл процедура тегін және қолжетімді.



Бүгінде вакциналау басталғаннан бері I компонентпен 1 006 564 адам, II компонентпен – 946 920 адам егілді. Егілгендердің жалпы санынан 60 жастан асқандар 121 498 адам.



Еске салсақ, қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет және спорт нысандарында, базарлар мен СОСО-да 132 вакцинация пункті бар. Бұларда 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы жұмыс жасайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Мырзағали #ковид
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);