Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Индустриялық аймағында 400-ге жуық жұмыс...

Алматының Индустриялық аймағында 400-ге жуық жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр

Әлеумет 29.11.2023, 05:52 918
Алматының Индустриялық аймағында 400-ге жуық жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

2023 жылдың соңына дейін Алматы қаласының Индустриялық аймағында жалпы сомасы 8 млрд теңгеге 6 жобаны жүзеге асырып, 400-ге жуық жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының дерегінше, бүгінде 29 инвестициялық жоба бойынша құрылыс қызу жүріп жатыр. 


Алматының индустриялық аймағы – ірі өнеркәсіптік және өндірістік бизнес жобаларға арналған аумақ. Мұнда 88 компания орналасқан, 11 мың жұмыс орны ашылған. 


Айта кетейік, «Алматы индустриялық аймағы» ЖШС қатысушыларына бизнесті мемлекеттік қолдау аясында мынадай мүмкіндіктерді ұсынады:
1) Инвестициялық жобаны сатып алу және аукционнан өту қажеттілігінсіз оны іске асыруға жер учаскесін алу.
2) 2068 жылға дейін жер учаскесінің ұзақ мерзімді қосалқы жалдауын немесе оны кадастрлық құны бойынша сатып алуды ресімдеу (1 га үшін 42 млн теңге).



Бұл ретте, инвестор мынадай артықшылықтарды пайдаланады:
• Инфрақұрылымды салу шығындарын азайту
• Қатаң салалық байланыстың болмауы
• Алматы индустриялық аймағының жұмыс істеу мерзіміне байланысты жер учаскесін жалға алу мүмкіндігі (2068 жылға дейін)
• Рұқсат құжаттамасын алуға қолдау көрсету және көмек көрсету
• Индустриялық аймақ аумағында дайын инфрақұрылымның болуы (газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және сумен қамту, электрмен жабдықтау, нөсер кәрізі, ТЖ станциясы және ТЖ жүріс жолдары, талшықты-оптикалық байланыс желілері)
• 2 миллион халқы бар қала аумағындағы ең ірі өнімді өткізу нарығы.


Сонымен қатар, «Almaty Business 2025» бірыңғай өңірлік бағдарламасы аясында Алматы индустриялық аймағының инвесторы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға дейін сүйемелдеу, рұқсат құжаттарын алу және банктерде қарыздар бойынша кеңес алу түріндегі мемлекеттік жәрдем алады. 


Биыл қазан айында Алматы индустриялық аймағының өндірістік кешендері үшін мамандар даярлайтын инновациялық техникалық колледждің құрылысына бөлінген аумақта жұмыстар басталды.  


Бұл Алматы индустриялық аймағындағы жалпы құны 9 млрд теңге болатын басым жобалардың бірі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жұмыс #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.