AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының дәрігерлері туристерге шетелде демалудың...

Алматының дәрігерлері туристерге шетелде демалудың шарты мен жазғы инфекциядан сақтанудың жолын түсіндірді

Әлеумет 12.05.2026, 13:15 191 yakiya
Алматының дәрігерлері туристерге шетелде демалудың шарты мен жазғы инфекциядан сақтанудың жолын түсіндірді
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Демалыс маусымы қарсаңында шетелге сапарға шығатын Алматы тұрғындарына инфекциядан сақтанудың жолын түсіндірді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мамандар холера, денге қызбасы, ротавирустық және өзге де ішек инфекциясының алдын алуға қатты көңіл бөліп отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезге эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Жайдаркүл Отарбекова осы туралы баяндады.

Спикердің айтуынша, жаз мезгілінде күн ысып, азық-түлікті де дұрыс сақтамай, сапасыз суды пайдаланып, оның үстіне туристердің саны да көбейетіндіктен ішек инфекциясын жұқтыру қаупі де едәуір артады екен.

Жайдаркүл Отарбекова холераны ең қауіпті инфекцияның бірі дейді. Бұл ағзаның қатты қаңсуымен қатар жүретін, өлімге әкелуі мүмкін ішек ауруы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, биылғы бірінші тоқсанда әлемде холера жұқтырған 51 мыңнан астам адам тіркеліп, 626 адам осы аурудан ажал құшыпты. Ауру негізінен Африка мен Азияда көп тараған.

«Көбіне лас су ішіп, көкөніс пен жемісті жумай жеп, тазалыққа дұрыс қарамағаннан болады бұл. Сондықтан сапар кезінде шөлмектегі суды, қайнаған су ғана ішіп, күмәнді тағамға жоламаңыз», — деп ескертті спикер.

Мамандар туристерге мұзды да бей-берекет пайдаланбауға, қолды мұқият жуып, жақсы піскен тамақты жеп, көше тағамдарынан бас тарту керектігін айтады. Әсіресе ластанған су айдынында шомылмауға шақырып отыр.

Сонымен қатар Денге қызбасының алдын алу мәселесіне де ерекше назар аударылды. Соңғы жылдары бұл ауру тропикалық және субтропикалық елдерге баратын туристердің арасында көп тіркеліпті.

ДДҰ деректеріне сәйкес, 2026 жылдың бірінші тоқсанында әлемде Денге қызбасын жұқтырған 874 мыңнан астам адам тіркеліп, оның 603-і өліммен аяқталған. Ең күрделі жағдай Таиланд, Индонезия, Вьетнам, Үндістан, Шри-Ланка, Пәкістан пен Филиппинде байқалып отыр.

Спикердің айтуынша, инфекция негізінен күндізгі кезде маса шаққаннан тарайды. Ауырған адамның ыстығы көтеріліп, басы, бұлшық еті мен буындары ауырып, әлсіз болып қалады. Кейде ауруы асқынып та кетеді.

«Денге қызбасының алдын алу үшін туристер репелленттерді пайдаланып, ашық түсті жабық киім киюі, москит торлары немесе кондиционері бар орындарды таңдап,е тұрып қалған су жиналатын жерлерден аулақ болуы қажет», — деді Жайдаркүл Отарбекова.

Сондай-ақ дәрігерлер жазда ротавирустық және өзге де ішек инфекциясының алдын алу қажеттігін еске салды. Тұрғындарға тазалықты сақтап, көкөніс пен жемісті жақсылап жуып алып, азық-түліктің сақтау мерзімін бақылап, рұқсат етілмеген сауда орындарынан тағам сатып алмауды ұсынды.

Мамандар ыстығы көтеріліп, құсып, іш өтіп, бөртпе немесе қатты әлсіздік пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініп, дәрігерлерге шетелде болғаны туралы міндетті түрде хабарлау қажет екенін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#холера
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);