AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматының дәрігерлері жүрек ақауы бар сәбиге опера...

Алматының дәрігерлері жүрек ақауы бар сәбиге операция жасады

Медицина 16.02.2022, 13:58 2,695
Алматының дәрігерлері жүрек ақауы бар сәбиге операция жасады
Сурет: Zdrav.Expert

Бұл ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде жасалды.


Алматылық дәрігерлер жүрек ақауымен туған сәбиге күрделі ота жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына туабітті жүрек ақауы диагнозымен жаңа туған нәресте түсті. Мамандар тексеру барысында оның жүрегіндегі магистральді тамырлардың жұмысы мен артериалды қан айналымының бұзылғанын анықтады. Оған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде күрделі ота жасалды.


Жамбыл облысынан келген нәрестенің іште жатқанда оттегі тапшылығы салдарынан орталық жүйке жүйесі зақымдалып, ағзадағы билирубин мөлшері де тым жоғары болған. Балалар кардиохирургиясы бөлімінің меңгерушісі Генадий Нигайдың айтуынша, нәресте ауруханаға ауыр халде жеткізілген.



«Шетінеп кету қаупі жоғары болғандықтан, жедел түрде ота жасау қажет болды. Кардиохирургтермен бірге күрделі ота жасалып, туабітті жүрек ақауы емделді, жүректегі тесік бітеліп, қан айналысы реттелді», - деді дәрігер.



Айтуынша, операция ақысы міндетті медициналық сақтандыру есебінен төленеді. 18 жасқа дейінгі балалар МӘМС жарнасын төлеуден босатылған, олар мемлекет тарапынан сақтандырылатын 15 санатқа кіреді.



«2 сағатқа созылған операция сәтті өтті. Қазір нәрестенің жағдайы жақсарды, ауруханадан шығуға дайындалып жатыр. Мұндай балалар болашақта қалыпты өмір сүреді, бірақ кардиологтардың бақылауында болуы тиіс», - дейді кардиохирург дәрігер Қайрат Қуатбеков.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ота #жүрек #Сәби #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);