AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Бостандық және Әуезов аудандарында екі к...

Алматының Бостандық және Әуезов аудандарында екі көшенің бойы  көлік қозғалысы үшін жабық болады

Әлеумет 04.07.2024, 17:59 825 Almaty-akshamy.kz. 
Алматының Бостандық және Әуезов аудандарында екі көшенің бойы  көлік қозғалысы үшін жабық болады
Қайрат Қоныспаев

Жоспарлы жылу желілерін жаңғырту және жөндеу жұмыстарының істелуіне байланысты Алматының бірнеше көшелерінде автокөліктердің қозғалысына шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Әуезов ауданында магистральдық құбыржол учаскесінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 2024 жылғы 4 шілдедегі сағат 22:00-ден 5 шілдедегі сағат 12:00-ге дейін Сүлейменов көшесінің бойымен Тоқтабаев көшесінен Черепанов көшесіне дейін оңтүстік бағытта көлік қозғалысы жартылай шектеледі. Солтүстік бағытта автокөлік қозғалысы үшін жол ашық болады.

Бостандық ауданында 2024 жылдың 5 шілдесі мен 15 қыркүйегі аралығында Ходжанов көшесінің бойында Алмагүл шағынауданындағы 15-ші үй ғимаратынан Жароков көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады. Екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады.

Бұл уақытша шектеулер 1976 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан жалпы ұзындығы 1240 метр болатын, аталған көше аумағының автокөлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр. 

Бұл құбыр 153 көппәтерлі тұрғын үйді, 7 жеке тұрғын үйді, 5 балабақшаны, 4 білім беру нысанын, 2 денсаулық сақтау нысанын және 15 басқа нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #жылу #жылу жүйелері #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);