AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Бостандық ауданында жаңа «SHUAQ» қоғамды...

Алматының Бостандық ауданында жаңа «SHUAQ» қоғамдық кеңістігі пайда болады

Алматы 15.07.2026, 16:05 366
Алматының Бостандық ауданында жаңа «SHUAQ» қоғамдық кеңістігі пайда болады

Бостандық ауданында Радостовец көшесіндегі №292 үйдің қарсы бетінде, Дунаевский көшесінің бойында орналасқан жаңа «SHUAQ» қоғамдық кеңістігін абаттандыру жобасы жүзеге асырылып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турында аудан әкімінің орынбасары Мирас Зейнолдин журналистерге жобаны таныстырып, оның іске асырылу барысы туралы баяндады.

Нысанның құрылысы биылғы 10 маусымда басталды. Жұмыстарды қыркүйек айында аяқтау жоспарланып отыр. Айта кетейік, жоба жергілікті бюджеттен қаржы бөлінбей, толықтай демеушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.

«Жобаның жалпы ұзындығы – 550 метр. Мұнда заманауи қоғамдық кеңістіктер салынып, кешенді көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Ұлттық ою-өрнек элементтерімен безендірілген шағын сәулет нысандары, автоматты суару жүйесі, сыртқы жарықтандыру және тұрғындардың демалуына арналған орындар орнатылады», – деді Мирас Зейнолдин.

Жоба аумақты кешенді абаттандыруды көздейді. Мұнда гранит, резеңке және асфальтбетон жабындысы төселген жаяу жүргіншілер жолдары мен қоғамдық кеңістіктер салынып, ауқымды көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, заманауи шағын сәулет нысандары, бастырмалар, сыртқы жарықтандыру жүйесі, балалар ойын және спорт алаңдары, сондай-ақ субұрқақ орнатылады. Жоба аясында шамамен 4 мың шаршы метр аумақты көгалдандыру жоспарланған.

Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, бұған дейін бұл аумақ қараусыз қалып, тұрғындар үшін қолайсыз әрі қауіпсіздігі төмен жер болған. Абаттандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін мұнда серуендеуге, спортпен айналысуға және отбасылық демалысқа арналған заманауи қоғамдық кеңістік пайда болады.

«Биыл аудан әкімдігі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 20 абаттандыру жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл бұрын пайдаланылмай келген қалалық аумақтарды ретке келтіріп, тұрғындар үшін жаңа жайлы қоғамдық кеңістіктер қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Мирас Зейнолдин.

Қазіргі уақытта нысанда бекітілген эскиздік жобаға сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс аяқталғаннан кейін жаңа қоғамдық кеңістік аудан тұрғындарының демалысына, серуендеуіне, спортпен шұғылдануына және отбасылық уақыт өткізуіне арналған заманауи әрі тартымды орынға айналады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#абаттандыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);