Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматының бас телеарнасы

Алматының бас телеарнасы

Әлеумет 13.06.2024, 13:11 757
Алматының бас телеарнасы
Almaty.tv

Almaty TV: 25 жылдық мерейтойы және жаңа маусымдық жобалары

1999 жылы құрылған Almaty TV еліміздегі ең көне телеарналардың бірі болып саналады. 200-ден астам қызметкерден тұратын ұжым ширек ғасыр бойы отандық медиаиндустрияның дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Телеарнаның алғашқы эфирі небәрі 3 сағатқа созылған болатын. Алғашында спектакльдер, фильмдер және жаңалықтар эксперимент ретінде таратылды. Кейіннен шығармашылық топтың күш-жігері арқасында телеарна көрермендердің ыстық ықыласына бөлене бастады.

Соңғы жылы Almaty TV ақпараттық-сараптамалық, мәдени және танымдық жобаларға басымдық беріп, 10 000-нан астам жаңалықтар сюжетін, арнайы репортаждар мен деректі фильмдерді, сондай-ақ 30-дан астам бағдарлама мен телехикаяларды жарыққа шығарды.

Телеарнаның бас директоры Тимур Базарбаевтың айтуынша, Almaty TV 25 жылдық мерейтойында көрермендерін екі жаңа маусыммен қуантпақ. Көктемгі маусым көрермендерге жол тартса, күзгі маусымда бірнеше ғажайып шоу мен 7 телехикая дайындалып жатыр.

«Мерейлі жылы біздің ұжым 40-қа жуық әлеуметтік және қайырымдылық шаралар өткізбек. Жаңалықтар эфирінде «25 қайырымды іс» айдары, ал digital-платформамызда балаларға арналған «Арманыңа жет» жобасы жарыққа шығады. Осы сәтті пайдаланып, көрермендерімізге ризашылық білдіргім келеді. Сіздердің қолдауларыңызбен телеарнамыз жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін», - деді Тимур Базарбаев.

2022 жылдың тамызында Almaty TV республикалық мәртебе алып, Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын арналар тізіміне енді. Аудиторияны техникалық қамтуы 47 пайыздан 89 пайызға өсті. Сол жылы телеарнаның ребрендингі жасалып, брендтің ашық жасыл түсте жаңғыртылуы дәстүрлі эфирлік және цифрлық интернет-ортаның синергиясын бейнеледі.

2023 жылы телеарнаның бас студиялық павильоны жаңартылып, заманауи бейімделгіш декорациялар мен полимерлік құймалы жабын пайдаланылды. Студияның пайдалы аумағы екі есе үлкейтіліп, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жаңа түсіру және монтаждау құрылғылары сатып алынды.

Эфирлік саясатты жетілдіру нәтижесінде Almaty TV арнасының телеқаралым көрсеткіштері тұрақты түрде жақсарып келеді. «K Research Central Asia» мәліметтеріне сәйкес, былтыр көрермен саны 4,2 млн адамға жетті. Мемлекеттік тілдегі өзіндік өндіріс үлесі 83 пайызға өсті.

Жаңа ақпараттық стратегияны жүзеге асыру нәтижесінде телеарнаның интернеттегі орны да айтарлықтай нығайды. Сайт көрсеткіштері 9 млн-нан 45 млн қаралымға дейін артты. YouTube жазылушыларының саны 1,2 млн-нан асты. Жақын уақытта жаңартылған веб-сайт пен оның мобильдік нұсқасы ұсынылады.

Бұл жетістіктер Almaty TV-нің отандық медиаиндустриядағы жетекші орынға ие екендігін тағы да бір растайды. 25 жылдық мерейтойында телеарна көрермендеріне жаңа жобалар мен қызықты бағдарламалар ұсынуға дайын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Almaty TV #отандық медиаиндустрия #Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.