AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының барлық мектептері мен балабақшалары өртк...

Алматының барлық мектептері мен балабақшалары өртке қарсы қауіпсіздік нормаларына сәйкес жабдықталған

Әлеумет 21.12.2023, 08:06 1,444
Алматының барлық мектептері мен балабақшалары өртке қарсы қауіпсіздік нормаларына сәйкес жабдықталған
Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы ОКҚ брифингінде Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді. Қала басшысы журналистерге әлеуметтік мекемелерде – бірінші кезекте мектеп, балабақша, интернаттарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қандай алдын алу шаралары қолданылатыны туралы айтып берді.


"Жыл сайын Алматы қаласының ТЖД барлық аудандар бойынша білім беру ұйымдарына жоспарлы тексеру жүргізіледі. Соңғы тексеру 2023 жылдың көктемінде өтті. Заңбұзушылықтар анықталған жоқ. Бүгінгі таңда қаланың барлық мектептерінде өртке қарсы дабыл орнатылды, директорлардың бұйрығымен өртке қарсы қауіпсіздікті сақтауға жауапты адамдар тағайындалды", - деп толықтырды сөзін Ерболат Досаев.


Қазіргі уақытта Алматының 209 мектебінде, 186 балабақшасы мен 8 интернатында қауіпсіздіктің кешенді жүйелерімен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде: барлық бейнебақылау камераларын жаңарту, полиция департаментінің жедел басқару орталығымен интеграциямен дабыл түймелерін қосу, турникеттер мен күзет-өрт дабылдарын орнату. Жұмыстар биылғы жылдың желтоқсан айының соңына дейін аяқталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);