AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының  Әуезов ауданында ағымдағы жылы 18 көше...

Алматының  Әуезов ауданында ағымдағы жылы 18 көше жөнделеді

Әлеумет 18.07.2024, 11:02 1,060
Алматының  Әуезов ауданында ағымдағы жылы 18 көше жөнделеді
Қайрат Қоныспаев

Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

«Егер өткен жылы ауданның ұзындығы 11,4 км болатын 12 көшесіне орташа жөндеу жүргізілсе, биылғы жылы ұзындығы 13,3 км болатын 18 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Жандосов, Өтеген батыр, Серегин, Ақжайнақ, Пятницкий, Трудовая көшелерінде жұмыстар басталды. Ағымдағы жөндеу аясында аудан әкімдігі бүгінгі таңда 30 мың шаршы метр жол төсемі мен тротуарларды қалпына келтірді, жыл соңына дейін тағы 17 мың шаршы метр қамтылады», - деп хабарлады мегаполис басшысы.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қазан айында 5 жер үсті жаяу жүргіншілер өткеліне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады.

Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту шеңберінде қоғамдық көлік жұмысының сапасын арттыру мақсатында 2024 жылы автобустар санын 343-тен 416 бірлікке дейін ұлғайта отырып, 21 маршрутта жылжымалы құрам жаңартылды. Жалпы, Әуезов ауданына 85 маршрут қызмет көрсетеді, автобустардың желіге жоспарлы шығуы 1439 бірлікті құрайды, орташа аралығы 8-9 минут.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #жөндеу #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);