ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Әуезов ауданында 557 аула жөнделді, 7 қо...

Алматының Әуезов ауданында 557 аула жөнделді, 7 қоғамдық кеңістік абаттандырылуда

Әлеумет 06.08.2021, 15:49 1,341
Алматының Әуезов ауданында 557 аула жөнделді, 7 қоғамдық кеңістік абаттандырылуда
Сурет: Newizv.ru
Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде аулалардың абаттандырылуы мен көгалдандырудың қалай жүргізілетінін айтты.

Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде аулалардың абаттандырылуы мен көгалдандырудың қалай жүргізілетінін айтты.


Сайран Сайфеденов Әуезов ауданының аумағында 966 аула бар екенін айтты. Бүгінде олардың 557-сі жөндеуден өтті, ал тағы 16 аулаға ағымдағы жөндеу аяқталып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 



«№3 және 6 шағын аудандардың 73 ауласында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 10 аулада конкурстық шаралар өткізілуде. Қалған 191 ауланың жобалық-сметалық құжаттары әзірленді», - деді Әуезов ауданының әкімі.



Сайран Сайфеденов жеке сектор аумағындағы учаскелердің жақсаратынын айтты. Мысалы, Алтын-Бесік шағын ауданында Әнет Баба көшесі мен Трудовая көшесі бойында балалар мен спорт алаңдары жасалады, аумақ абаттандырылады, қима тастар төселеді, LED-жарықтандыру орнатылады, орындықтар мен қоқыс жәшіктері болады. Қазіргі кезде конкурстық шаралар өткізілуде, олар аяқталғаннан кейін жұмыс басталады.


Аудан әкімі 2021 жылы «Бюджетке қатысу» жобасының жүзеге асырылуы туралы да айтты.



 Сайран Сайфеденов атап өткендей, қазіргі уақытта 7 қоғамдық орынды абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде: Сайын-Жұбанов көпірінің астындағы спорт алаңдары, Ақсай-3А шағын ауданындағы жаяу жүргіншілер аймағы, №1 шағын ауданындағы №8 үйдің жанындағы бос алаң, Яссауи мен Момышұлы арасындағы Төле би көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер аймағы, Яссауи көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағы, Тастақ-1 шағын ауданындағы спорт алаңдары мен Сайын-Шаляпин аумағы.



Ауқымды абаттандыру жұмыстарына көгалдандыру мәселесі де қосылады. С. Сайфеденовтің айтуынша, биыл Әуезов ауданында 1539 ағаш көшеті, 15,8 мың бұта мен бұта-теректер өсірілді. Сондай-ақ, мекенжайда 12 мың шаршы метр гүлзарлар отырғызылды. 


Әкім барлық жұмыстың аудан тұрғындары көтерген мәселелерге сараптама жасау негізінде іске асатынын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.