конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Әуезов ауданы халық бірлігі мерекесін қа...

Алматының Әуезов ауданы халық бірлігі мерекесін қалай атап өтті

Алматы 01.05.2026, 14:23 508
Алматының Әуезов ауданы халық бірлігі мерекесін қалай атап өтті
Алматы әкімдігі

Әуезов ауданында таңертеңнен бастап Бірінші мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Негізгі алаң — Family Park пен Сарыарқа алаңқайы ән-күйге, би мен көңіл көтерген халыққа толы болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сарыарқа алаңқайында ұлттық мәдени орталықтардың тіккен киіз үйі мен шатырында алуан түрлі көрме де өтті. Әрқайсысы өз мәдениетінің байлығын таныстырып, қонақтарды дәстүрлі тағамдармен қарсы алды, халық әндерін шырқап, ұлттық әуенмен би билеуге шақырды. Әсіресе өзбек, ұйғыр, қытай мен кәріс бірлестіктері ерекше көзге түсіп, осы жолы ұлттық киімдерінің әсемдігімен көпшілікті тәнті етті.

Осы жерде әжелер өткізген түрлі шеберлік сабақтары да ерекше ықыласқа ие болды. Олар ұлттық әшекейлерді қалай дұрыс тағу керектігін көрсетіп, әр бұйымның мәні мен маңызын түсіндіріп, шеберлікті ғана емес, мәдени мұраның рухын да жеткізді.

Family Park сахнасында кәсіби әртістермен қатар жас таланттар да көңіл күйді көтеруге атсалысты. Түрлі байқаудың лауреаты атанған балалар ұжымы ән айтып, би билеп, саябақты қуаныш пен шаттыққа бөледі. Олардың өнері бұл күннің көркіне айналып, айнала күлкі мен қошеметке толды7

Әуезов ауданындағы Бірінші мамыр мерекесі халықтар достығы жай ғана сөз емес, оның астарында бірлік пен береке жатқанын тағы дәлелдегендей болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Бірлік күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);