AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматының аудан тұрғындары учаскелік полицейлермен...

Алматының аудан тұрғындары учаскелік полицейлермен тығыз байланыста

Заң мен тəртіп 18.01.2023, 07:08 1,319
Алматының аудан тұрғындары учаскелік полицейлермен тығыз байланыста
Сурет: Polisia.kz

Алматы полициясы ел Президентінің тапсырмасы аясында «қолжетімді полиция» жаңа форматтағы жұмысына сәйкес кешенді шаралар қабылдап жатыр.


Бұл бағыттағы басым буын – учаскелік полиция инспекторлары. Бүгінде олар мобильді және үнемі байланыста, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Әрбір учаскелік полиция қызметкері ПИК-пен және аудан тұрғындарымен чат пен мессенджерлік байланыста. Барлық сұрақтар оларға тікелей келіп түседі. Осы тәсілдің арқасында біз тұрғындардан түсетін өтініштердің санын 2,5 есеге қысқарттық. №78 полиция учаскесі Алматы облысының аумағында, "Алатау" шағынауданында орналасқан. Бұл жерде 17 көп қабатты үй және 250 жеке тұрғын үй бар. Бірнеше жыл бұрын біз Facebook-те қызметтік аккаунттар ашқан болатынбыз, сигналдар келіп жатыр. Сонымен қатар шағын ауданымыздың тұрғындары арасында WhatsApp, Facebook чаттары бар. Барлық хабарламаларға жедел түрде жауап беріп жатырмыз», – деді 78-УПП аға учаскелік инспекторы Нұрбол Елубаев.



Сондай-ақ учаскелік полиция инспекторларының имиджін көтеру және халық арасында танылуын арттыру мақсатында “Сәлеметсіз бе, мен сіздің учаскелік инспекторыңызбын!” науқаны өткізіліп жатыр. Ал аудан тұрғындарымен және ПИК төрағаларымен кездесулер азаматтардың мәселелерін тез әрі тиімді шешуге мүмкіндік береді.



«Мен "Алатау" шағынауданының тұрғынымын. Біздің учаскелік инспекторлар өте жылдам әрекет ететінін атап өткім келеді. Өйткені олар тәулік бойы байланыста. Олардың телефондары үнемі қосулы», – дейді жергілікті тұрғын Татьяна Абажей.



Еске сала кетейік, бұған дейін қала әкімдігімен бірлесіп, учаскелік полиция пункттері үшін жаңа ғимараттарды кезең-кезеңімен алуды көздейтін үшжылдық жоспар әзірленіп, бекітілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#учаскелік полиция #аудан тұрғындары #тығыз байланыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);