Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматының арық желілерінен 985 тонна қоқыс пен лай...

Алматының арық желілерінен 985 тонна қоқыс пен лай шығарылды

Әлеумет 27.03.2024, 13:39 1,060
Алматының арық желілерінен 985 тонна қоқыс пен лай шығарылды
Сурет: Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

Арықтар мен нөсер ағындарына қоқыспен бітеп тастаған алматылықтарға айыппұл салынады


«985 тонна қоқыс»: арықтар мен нөсер ағындарын қоқыспен бітеп тастағаны үшін Алматыда айыппұл салынатын болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметіне сілтеме жасап. 



«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, 28-30 наурыз аралығында Алматы қаласында жаңбыр түрінде жауын-шашын күтілуде.



Бүгінгі күні қаланың коммуналдық қызметтерінің күшімен арық желілерін, арық өткелдерін және қоқыс төгілген «ойық жерге» тазалау жұмыстары жүргізілді. 27 наурыздағы жағдай бойынша, 985 тонна қоқыс пен лай шығарылды. Барлық арық желілері тазаланған. 


Жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу үшін мотопомпалармен және шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылатын болады. 2 мың қап құм дайындалған. Аудандық әкімдіктерде жұмысты бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі. 


Су тасқынының алдын алу үшін қала тұрғындарынан арықтарды, нөсер ағындары мен каналдарды қалдықтармен бітеп тастамауды сұраймыз. ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау» бойынша бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын қосымша хабарлаймыз, бұл ескертуге немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #арық желілері #қоқыс #Лай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.